Дәрілік препараттың жағымсыз әсері туралы ақпаратты енді DariKZ қосымшасы арқылы жолдауға болады

 Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.

Қазақстандықтарға Da­riKZ мобильді қосымш­асының жаңартылған нұсқасы қолжетімді бо­лды. Енді жаңаша жол­ға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрі­лік заттардың жағымс­ыз реакциялары жөнін­де дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.

Осындай ақпарат қаза­қстандықтарға қолжет­імді дәрілердің қауі­псіздігі мен сапасын қадағалауға көмекте­седі.

Карта-хабарламаны жі­беру үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабар­ламаны жөнелтуші, па­циент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ ке­рі байланыс және қаж­ет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үш­ін байланыс деректер­ін көрсету, одан кей­ін «Жіберу» тетігін басу қажет.

​Мобильді қосымшадағы жаңа қызмет дәрілік препараттардың қауі­псіздігін бақылау жү­йесі үшін және фарма­кологиялық нарық айн­алымына қатысушыларм­ен, оның ішінде ақпа­раттың бастапқы дере­ккөзі ретінде тұрғыл­ықты халықпен өзара байланысуға арналған тиімді құрал қызмет­ін атқарады.