Құрметті оқырмандар! Сіздермен керемет жаңалығымызбен бөліскіміз келеді!

Құрметті оқырмандар!  Сіздермен керемет жаңалығымызбен  бөліскіміз келеді! 
Астана қаласындағы "№2 көпбейінді қалалық  аурухана" хирург дәрігерлері бір жыл бойы көмейін сірке қышқылына күйдіріп алуы салдарынан болып,  тамақ іше алмай, дауысын жоғалтып және 85-тен 47 кг-ға дейін қатты арықтап кетумен  сәтсіз күресіп келе жатқан пациентке жаңа толыққанды өмір сыйлады.
Өңеш пластикасы бойынша филиграндық операция жасалды, оған 30 маманнан тұратын операциялық топ қатысты. Табысты нәтижеге директордың кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор Жақсылық Ақмырзайұлы Досқалиев және жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Хасенов Руслан Ерсайынұлы екеуінің  жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында қол жеткіздік. 
Өз кезегінде Жақсылық Ақмырзайұлы хирург дәрігерлердің қазіргі тәлімгері болып табылатынын және 2 КҚА хирургиялық операцияларға  белсенді қатысатынын атап өткіміз келеді.
Емдеу нәтижесінде пациент сұйық және қатты тағамдарды қабылдау ғана емес, сонымен бірге толық сөйлесуге де мүмкіндік алды.  Үйіне шығару кезінде  пациентте оң динамика мен салмақ қосу болды.
Баршаңызға зор денсаулық тілейміз!