Дүниежүзілік Альцгеймер ауруын алдын алу күні

Бүгін 21 қыркүйек - Дүниежүзілік Альцгеймер күні атап өтілуде. Бұл күндері Альцгеймер ауруы туралы ақпаратты арттыру және күресу бойынша халықаралық науқан жүріп жатыр.
Альцгеймер ауруы-бұл нейродегенеративті ауру, оны алғаш рет 1907 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер сипаттаған ол миға әсер етіп, когнитивті функция мен есте сақтау қабілетінің біртіндеп нашарлауына әкеледі. Бұл ең көп таралған неврологиялық аурулардың бірі және егде жастағы адамдарда деменцияның негізгі себептерінің бірі.
Аурудың белгілері:
1. Есте сақтау қабілетін жоғалту: ұмытшақтықтан және жаңа ақпаратты есте сақтаудағы қиындықтардан басталады, содан кейін ұзақ мерзімді жадқа таралады.
2. Дезориентация: пациенттер уақыт пен кеңістікте бағдарын жоғалтуы мүмкін, өз туыстарын танымауы мүмкін, тіпті өзіне қатысты ақпараттан қателесуі мүмкін.
3. Сөйлеу проблемалары: ойды білдірудегі және сөйлеуді түсінудегі қиындықтар.
4. Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінің жоғалуы: пациенттер киіну және тамақтану сияқты күнделікті жұмыстарда қиындықтарға тап болады.
5. Психологиялық және мінез-құлық өзгерістері: апатия, депрессия, агрессия және мазасыздықты қамтиды.
Диагностика әдістері
Альцгеймер ауруын диагностикалауда нейропсихологиялық скринингтік тестілеу көмектесе алады,онда пациенттер фигураларды көшіреді,сөздерді есте сақтайды,оқиды, арифметикалық әрекеттерді орындайды.
Тамақтану
Жерорта теңізі диетасының ингредиенттері, соның ішінде жемістер мен көкөністер, нан, бидай және басқа да дәнді дақылдар, зәйтүн майы, балық .кейбір дәрумендер, соның ішінде В12, В3, С және фолий қышқылын қабылдау. Кокос сүтінде кездесетін каприл қышқылы ми діңінің нейрондарындағы амилоидты бляшкалардың санын азайтады.
Ауру қаупі Альцгеймер ауруы жасына қарай артады.