Қазақстанда Ұлттық домбыра күні атап өтілуде



Қазақ музыкалық мәдениетінің ең ұлы аспаптарының бірі және басты символы, әрине, домбыра болып табылады, халық өмірін осы аспаппен байланыстырмаған кез болмаған. 
 
№ 2 КҚА акушерлік блогында жас аналар мен жаңа туған нәрестелерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Ұлттық аспап домбыра мен гүл шоқтарын Аналар кеңесінің төрағасы - Тәңірбергенова Алтынай Мұратжанқызының, "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Мырзаханов Адильхаир Ерзатовичтың атынан табыс етті.
 
Отбасыларыңға амандық, денсаулық және бақыт тілейміз. Домбыра жаңа туған нәресте үшін өмір бойы бойтұмар және Тұмар болатынын және оның дыбыстары осы бақытты күнді еске түсіретінін атап өтті.
 
Бүгін акушерлік блокта сағат 00:00-ден 11: 00-ге дейін 9 бала дүниеге келді, оның ішінде 4 ұл және 5 қыз.