Кеше Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықпен кездесті



Кеше Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықпен кездесті.
Кездесуде "Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясындағы денсаулық сақтау министрлігінің қызметі" таныстырылды. Спикер ретінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбасарұлы Бекмурзаев та сөз сөйледі.
Мына маңызды мәселелер қозғалды:
* Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ревакцинация
* Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау және мәртебесін көтеру
* Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру
* МӘМС шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту
* Медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру
* Алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау
* Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту. Инфрақұрылымды жетілдіру. Көлік медицинасын күшейту
* Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру деңгейін жақсарту
* Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту
* Ана мен бала денсаулығын сақтау тұжырымдамасын әзірлеу
* Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи перзентханалар салу
* Медициналық жоғары оқу орындарында көпбейінді университеттік ауруханалар мен клиникалар құру

Сонымен қатар, елорда тұрғындары министрге медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты бірқатар мәселелерді жолдады, Министр кездесу барысында қойылған әрбір сұраққа толық жауап берді, сондай-ақ ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.

-12-2022{/gallery}