Құрметті пациенттер мен келушілер, Сіздерге "№ 2 КҚА" базасында "Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі" жұмыс істейтінін айтқымыз келеді. Бөлімнің негізгі мақсаты пациенттердің қажетті көлемде уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады. "Осында және дәл қазір" қағидаты бойынша пациенттердің өтініштерін жедел шешуді қамтамасыз етеді.
Емделіп жатқан пациенттердің өздері не болмаса, олардың туыстары пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылы. Қызмет сарапшылары Сіздердің өтініштеріңізге жедел жауап береді және қысқа мерзімде стационарлық көмек көрсету Ережелеріне сәйкес мәселені шешуге көмектеседі. Өтінішті қарау кезінде ПҚ және ІАҚ қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
Мекемеміздің медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамыз. Пациенттерді қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, Т.Рысқұлов көшесі, 6-үй, 4 - қабат Әкімшілік жақ немесе 8 (7172) 43-26-82 телефоны бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, аурухананың барлық бөлімшелерінде және кіре берістерде QR коды бар, сол бойынша Сіз біздің бөлімге өтініш жаза аласыз, сондай-ақ жазбаша түрде өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшіктер бар.