- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
№2 КҚА базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық қызмет көрсету қорының, Ұлттық аккредиттеу орталығының және республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының өкілдерімен кездесуі өтті.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит бөлімінің басшысы Мәдина Шахантаева бөлімнің ағымдағы жылғы жұмыс қорытындыларымен, шағымдарды азайту бойынша қандай шаралар жүргізіліп жатқанын, қандай жағдайларда және азаматтардың өтініштері қалай пысықталатынын таныстырды.
Кездесу барысында № 2 КҚА директоры Нұрбол Тұрсынбаев Аlaqan қызметкерлері мен келушілерді тіркеудің болашақ жобасын таныстырды. Бұл жоба алақанның суреті арқылы аурухана базасында тұрған адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, қызметкерлердің жұмыс уақыты, сондай-ақ келушілердің клиникада болу уақыты есепке алынады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын жоғары бағалады, біздің клиниканың базасында әзірленген өңірлер үшін аудит және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы бойынша жаңа бағыттарды енгізу жоспарлары белгіленді.