Донор бол, адам өмірін сақтайық!



Жыл сайын Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығымен бірлесіп біздің клиника "Донор күнін" өткізеді, оған біздің қызметкерлер белсенді қатысады, осылайша пациенттерді құтқаруға үлес қосады! Бүгін №2 КҚА-ның 30-ға жуық қызметкері донор болды.
Қан дайындаудың стандартты көлемі консервантты есептемегенде 450 мл ± 50 мл құрайды. Донорлықтың қауіпсіздігі үшін ережелерді сақтау маңызды. Сонымен, ер адамдар жылына 5 реттен көп емес, әйелдер 4 реттен көп емес қан тапсыра алады. Қан құрамының толық қалпына келуі 5-7 күн ішінде жүреді. Қанның әртүрлі компоненттерінің қалпына келу жылдамдығы әртүрлі. Қанның құрамы тезірек қалпына келуі үшін сұйықтықты — шырындарды, шайды көбірек ішу ұсынылады.
Рахмет, донор!!!