Бүгін № 2 КҚА-да президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында Республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен кездесу өтті



Бүгін № 2 КҚА-да президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында Республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуді "№2 көпбейінді қалалық аурухана" директоры Нұрбол Нұрланұлы Тұрсынбаев ашты. Қазақстанның республикалық қоғамдық штабының мүшелері, Аманат партиясының, Халық партиясының және Ақ Жол өкілдері кандидатының сайлауалды бағдарламасының блогын жариялады. Кездесуге Мирас Серікбекұлы Аукенов, Асхат Максимұлы Маемиров, Қазбек Өмірзақұлы Майгелдинов, Нұрғали Құрбанәліұлы Кенжебаев, Талғат Оразқанұлы Мамықанов, Дәурен Мұхамбетсадықұлы Ұлықпанов қатысты.
Медицина саласында Қ. Ж. Тоқаев бүкіл ел бойынша заманауи перинаталдық орталықтар желісі құрылатынына уәде берді. Ұлттық балалар онкологиясы және гематология орталығы ашылады. Ауылдар мен аудан орталықтарында 700 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынады. Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесі 50 пайызға дейін жеткізіледі. Цифрлық шешімдерді енгізу арқылы дәрігерлердің есептілігі төмендейді, ал әрбір азаматқа оның денсаулығы туралы ақпаратқа толық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бірінші кезекте балалар мемлекеттің елеулі қолдауына ие болады. Азаматтардың осы санаты үшін арнайы жұмыс орындары мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктер құрылатын болады.
Кездесуді қорытындылай келе, 2 КҚА директоры Нұрбол Тұрсынбаев: "Сайлауға екі күн қалды, бұл еліміздің алдағы жылдардағы болашағын айқындай маңызды күн. № 2 КҚА қызметкерлері әрқашан ерекше саяси мәдениетімен ерекшеленді. Менің ойымша, бұл жолы да олар жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлауға барынша көрсеткіште  қатысасады деп сенемін" деп баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.