- Click to open image! Click to open image!

№ 2 КҚА шала туған нәресте күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға шала туған балалар мен олардың ата-аналары, сондай-ақ елордалық ҚДСБ мамандары, медиа өкілдері, әнші Қарақат Әбілдина және Қыдырәлі Болманов, №2 КҚА директоры Нұрбол Тұрсынбаев қатысты. Аурухана қабырғасында дүниеге келген балаларға "Түсау кесер" рәсімі өткізіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
Біздің клиниканың базасында неонаталдық қызмет саласындағы мамандар күн сайын бөлімшенің кішкентай періштелерінің өмірін құтқарады және олардың өмірлері үшін күреседі: нәрестелер реанимациясы, нәрестелер хирургиясы, нәрестелерді күту және патологиясы, катамнез және оңалту бөлімшілері. Мыңдаған бақытты ата-аналар мен балалар клиника қызметкерлерінің үлкен, жанқиярлық еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Шала туған нәрестелер күні 2009 жылдың 17 қарашасында Еуропалық жаңа туған нәрестелерге көмек қорының бастамасымен құрылды. Содан бері бұл күн шала туған балалардың барлық отбасылары үшін ынтымақтастық пен бақытты өмірге деген үміттің символына айналды. Шала туған балалар күн 200-ден астам ел мен 2,6 миллиардтан астам адамды біріктіреді.