Астанада алып бала дүниеге келді



2022 жылдың 11 қарашасында №2 КҚА акушерлік блогының қабырғасында салмағы 5075 грамм 58 сантиметр болатын алып бала дүниеге келді.
"Пациент жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесіне түсті. Жүктіліктің 41 аптасында толғақ басталды, содан кейін босану блогына ауыстырылды. Босану жоспары оның акушерлік тарихын ескере отырып, консервативті болды. Біз бастың жамбас жазықтықтары бойынша алға жылжуын, жамбастың функционалды бағалауымен босану қарқынын қатаң қадағаладық. Табиғи жолмен босанды. Дианада бұл үшінші босану, алдыңғы балалары да 4500, 4600 грамм  ірі болып туылған. Ана мен бала өздерін жақсы сезінеді, үйге шығуға  дайындалуда" -  деді акушер-гинеколог дәрігер Динара Байзаққызы Издибаева.
"Акушерлік блок дәрігерлеріне, дәрігер Динара Байзаққызы мен акушер Сәулеге үлкен алғысымды білдіремін. Олардың жұмысының арқасында бәрі жақсы өтті. Мен бұған өте қуаныштымын және ризамын. Осындай кәсіби мамандар көп болса екен, өркендеу мен табыс тілеймін. Ризашылығымды білдіремін, дәрігерлерге көп рахмет!"- пациент Диана.
Жаңа туған нәрестенің қалыпты салмағы жынысына байланысты: ұлдар үшін 3 400-3 500 грамм, бойы 44,2–55,66 сантиметр, қыздар үшін – 3 200-3 400 грамм, бойы 43,6–54,7 сантиметр. Орташа қалыпты баланың салмағы 2500-ден 4500 грамға дейін деп саналады.