Бүгін Республика күні қарсаңында "№ 2 көпбейінді қалалық ауруханада " салтанатты іс-шара өтті



Бүгін Республика күні қарсаңында "№ 2 көпбейінді қалалық ауруханада " салтанатты іс-шара өтті.
Біздің клиниканың қызметкерлері медальдармен, Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің Құрмет грамоталарымен және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атынан алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайкенов Берік Талғатұлы, Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбекұлы Дарменияр Алғатбекұлы және Бақылау кеңесінің төрағасы Омаров Болат Хайркешұлы қатысты.
"Еңбек ардагері" медалімен акушерлік блоктың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің аға ординаторы Медеуова Бибіш Салихқызы марапатталды. Клиникалық блоктың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Азамат Қайруллұлы Маткенов, ангиографиялық зертхананың аға ординаторы Марат Құрбанғалиұлы Әлиханов "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды. "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен шұғыл гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Сейсембеков Даир Тельманович, ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Касенова Марина Валерьевна марапатталды.
Іс-шара соңында "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" директоры Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, әр қызметкерге республика  денсаулығын дамытуға және  ұлт денсаулығын қорғауға  қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, әр отбасына амандық пен тұрақтылық тіледі.