Жалпықалалық сенбілікке 2 КҚА қызметкерлері қатысты

 
 
Аурухананың екі корпусының және оған іргелес жатқан аумақтың учаскелері тазартылып, жол жиектері боялды.
Сенбілікке қатысқан дәрігерлер "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы аясында елордадағы экологиялық айлықты қолдайды.
Жалпықалалық тазалық акцияларын өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сенбіліктерге қатысу арқылы әрбір азамат жайлы қалада тұру үшін қаланы абаттандыруға өз үлесін қоса алады.