Біздің клиникада алғаш рет эндоваскулярлық әдіспен порталдық тамыр арқылы өңеш көктамырларын эмболизациялау бойынша операция жасалды
Бауыр циррозы, өңештің варикозды кеңеюі диагнозы қойылған пациент өңештің варикозды тамырларынан қан кетуіне байланысты бірнеше рет ауруханаға түсті. Хирург дәрігерлер өңеш тамырларына эндоскопиялық допинг жасады, консервативті емдеу, өкінішке орай, күтілген нәтиже бермеді.
Жаңа әдістеме бойынша №2 КҚА ангиографиялық зертханасының аға ординаторы Марат Құрбанғалиұлы Әлиханов және УДЗ және ангиография бақылауымен хирург дәрігер Евгений Васильевич Мун өңеш көктамырларын эмболизациялау отасын жасады.
Бұл әдіс өңеш тамырларының қан кетуін тоқтатуға, операциядан кейін пациентті тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Тұрақты гемостазға қол жеткізудегі әдістің тиімділігі шамамен 90% құрайды. Бүгінгі күні пациент өзін жақсы сезінеді, операциядан кейін Блэкмор зонд алынып тасталады. Бір-екі күннен кейін амбулаториялық емдеуге шығару және тұрғылықты жері бойынша гепатологтың бақылауында болуы жоспарлануда.