- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
Торакальды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Алиев Мәжит Фуркоевич Дәрігерлермен, орта және кіші медицина қызметкерлерімен бірге күн сайын аралап пациенттердің жағдайын бақылап, операциядан кейін пациенттердің әл-ауқатын тексереді және, сондай-ақ пациенттерді операцияға дайындау және операция көлемі талқыланады.
Аралаудан кейін кезекші ауысымнан есеп қабылдайды, ауыр жағдайлар талданады, келіп түскен пациенттер талқыланады, қосымша зерттеп-тексерулер тағайындалады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 2 көпбейіндіқалалық ауруханасы торакалды хирургия бөлімшесі, Қазақстанның Орталық, Батыс, Шығыс және Солтүстік өңірлеріндегі көкірек қуысы органдарының хирургиялық аурулары бар пациенттерге шұғыл, жоспарлы мамандандырылған және жоғары технологиялық көмек көрсететін жалғыз бөлімше. Бөлімше 15 төсекке есептелген, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аптасына 7 күн жедел кезекшілік атқарады.
Бөлімше ең заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жабдықталған. Өкпеге, медиастинальды мүшелерге, 3 плевраға, трахеяға барлық хирургиялық араласулардың 82% - ы эндовидеоторакоскопиялық әдіспен жүргізіледі (шағын инвазивті әдіс, үлкен тіліксіз). Артықшылықтары: асқынулардың болмауы, операциядан кейінгі кезеңдегі аз ауырсыну, жақсы косметикалық әсер (терідегі кішкентай тілік 1,0 см-ге дейін). Стационарлық емдеу мерзімдерін 5 күнге дейін азайту, ерте оңалту, пациенттің еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру.