Оториноларингология бөлімшесін таңғы аралау



Оториноларингология бөлімшесін таңғы аралау.
Бөлімше меңгерушісі Иманғалиев Ермек Елемесұлы күн сайын бөлімше дәрігерлерімен бірлесіп палаталар бойынша пациенттерді аралап шығады. Пациентерді қарайды, әл-ауқатын біледі. 
Кейін ординаторда кезекші ауысымның (дәрігер мен мейіргердің) таңертеңгі есебін тыңдайды, күрделі жағдайларды, бөлімше бойынша ағымдағы ұйымдастыру мәселелерін талдайды, осы күнге операциялардың кезектілігін және басқа да мәселелерді талқылайды.