Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметшінің жұмысы кең ауқымды білімді, үлкен жауапкершілік пен мықты ұстамдылықты талап етеді.
Өз тағдырын сеніп тапсырған және Сіздің біліктілігіңіз бен кәсібилігіңізге үміт артатын адамдарға қызмет етуден басқа құрметті мамандық жоқ деп ойлаймын. Адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру мен жалпыұлттық жобалар, бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік қызметшілер жұмысына тікелей байланысты.
Сіздерге Қазақстан халқына қызмет етудің игі ісінде табыс, жақсылық пен парасаттылық, даналық пен шыдамдылық тілеймін. Әрбір күн мемлекеттің даму процесіне үлес пен қоғам өмірін жақсартуды сезіну қуанышына бөлесін!