Бүгін, 17 маусым медицина қызметкерлері күні қарсаңында № 2 көпбейінді қалалық ауруханада салтанатты марапаттау рәсімі өтті



Бүгін, 17 маусым медицина қызметкерлері күні қарсаңында № 2 көпбейінді қалалық ауруханада салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ісшараға Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімі Есенбаев Асылбек Есімханұлы және «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлы мен бірге Кәсіподақ комитетінің төрағасы Тәжібай Бахытжан Арынұлы келіп, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың қызметкерлері қала әкімі Алтай Көлгіновтің атынан, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының атынан және «AMANAT» партиясы, сондай-ақ аурухана директорының атынан Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, «Құрмет» ордені Көз микрохирургиясы орталығының аға резиденті Рамазанова Ботагөз Айтпайқызына табыс етілді.
Медицина жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ақ халатты мамандар, қоғам қайраткерлері «Еңбек ардагері» , «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен марапатталды. Айта кету керек, медициналық қауымдастық адам жанының делдалы ғана емес, сонымен қатар спорттық жарыстарға да белсенді қатысады. Іс-шара барысында Бахытжан Арынұлы Кәсіподақ комитетінің төрағасы спартакияданың қорытындысы бойынша жүлделі арнайы кубок табыс етті.
Сонымен қатар, іс-шара барысында №2 көпбейінді қалалық аурухананың директоры Нұрбол Нұрланұлы Тұрсынбаев барлық қызметкерлерді төл мерекемен құттықтап, қиын да қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі.