«Рахмет Сізге, Дәрігер!» Мен, Кенжебекова Нәзия, 2022 жылдың 7 маусымында “эндоскопическая полисинусотомия” отасын жасаған дәрігер Иманғалиев Ермек Елемесұлының ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІКТІЛІГІН атап өткім келеді.
Менің орфанды жүрек ауыруымнан қорықпастан, жауапкершілікті өз мойнына арта отырып, командасындағы білікті анестезиологтармен біріге, мені одонтогенді гаймориттен жазып шықты.
Ермек Елемесұлының біліктілігіне, өз жұмысын тиянақты, профессионалды жасайтындығына, адамгершілігіне өте ризамын. Өзі басқарып отырған оториноларингология бөлімшесіндегі тәртіп пен тазалық та жоғары деңгейде.
Егемен елімізде осындай білікті дәрігерлер, ауруханалар барына өте қуаныштымын.
Осы аурухананың барлық қызметкерлеріне ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ, ҚАЖЫМАС ҚАЙРАТ тілеймін. Жасап жатқан жұмыстарыңыз Алланың мол сауабына жазсын!
Біздерге денсаулық сыйлап жатқандарыңызға МЫҢ АЛҒЫС!!!
Ем алушы Кенжебекова Нәзия.