Біздің ауруханада "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" және "Астана медицина университеті" КЕАҚ ұйымдастырған "Трансплантологияның өзекті мәселелері" тақырыбында ғылыми-зерттеу онлайн семинары өтті



Біздің ауруханада "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" және "Астана медицина университеті" КЕАҚ ұйымдастырған "Трансплантологияның өзекті мәселелері" тақырыбында ғылыми-зерттеу онлайн семинары өтті.
Конференцияда медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, кардиоторакалды хирургия курстары бар хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі және "Астана медицина университеті" КЕАҚ-нің ЖБХ Сакен Кайруллинұлы Қожахметов құттықтау сөз сөйледі. Семинарға Нұр-сұлтан және Алматы қалаларынан келген әріптестер қатысты.
 
Семинар барысында "А.Н Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ Гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесінің меңгерушісі, РhD, Досханов Мақсат Оңалбайұлы баяндама жасады.
Гепатопанкреатобилиарлы хирургия, онкогепатология және органдарды трансплантациялау орталығы, MD, PhD, Сапарбай Жамиля Жұмабекқызы баяндама оқыды.
 
Дәрігерлер тәжірибе алмасатын ғылыми семинарлар Денсаулық сақтау саласындағы жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Пациенттерде аурудың ауыр ағымы кезінде әріптестер қосымша ұсыныстар айтады, емдеу түрлерін анықтайды. Айта кету керек, емдеу процесін үйлестіру, емдеу халықаралық тәжірибеге сәйкес келетіндігін растау маңызды рөл атқарады.
 
№ 2 КҚА белсенді қатысқан барлық әріптестеріне алғысын білдіреді және болашақта жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді!