Бүгін біздің аурухананың конференц-залында аурухана директоры Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлының дәрігерлер және аурухананың медицина қызметкерлерімен есеп беру кездесуі өтті

Кездесуге қатысып, құттықтау сөз сөйлегендер:
Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы-Астана қаласы мәслихатының депутаты



Бүгін біздің аурухананың конференц-залында аурухана директоры Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлының дәрігерлер және аурухананың медицина қызметкерлерімен есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге қатысып, құттықтау сөз сөйлегендер:
Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы-Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты
Қожахметов Асылхан Төлеббергенұлы-Партияның Ұлттық Кеңесінің хатшысы
Әбенов Абзал Ақпанбайұлы - "Ақ жол"ҚДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары
 "Ақ жол" партиясы атынан біздің 10 медицина қызметкеріміз COVID-19-ға қарсы жанқиярлық күресі үшін "Жанқиярлық күресі үшін" медалімен марапатталды.
Директордың медицина ісі жөніндегі орынбасары-Ешмұратов Бауыржан Құралұлы 2021 жылдың 8 айы бойынша есеп беріп, қорытынды жасады. 
Аурухананың акушерлік блогынан акушер-гинеколог Айтилесова Венера Усайновна есеп берді.
Сондай-ақ директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары-Ешанқұлов Мұрат Еркінбекұлы және Ішкі аудит және пациенттерді қолдау бөлімінің басшысы-Рүстемова Ұлша Абдурасулқызы есеп берді.
Кездесу соңында Директор қорытынды жасап, медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жаңа міндеттер мен мақсаттар қойды.