1 маусым-жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі



Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың пікір бостандығы, білім алу, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығын сақтауға назар аудару мақсатында өткізіледі.

Бүгін "№2 көпбейінді қалалық аурухананың" акушерлік блогына ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова, Нұр-Сұлтан қаласының ҚДСБ басшысының орынбасары Досмырзаева Гүлназ Төленқызы келді. Аурухана әкімшілігі жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарын осы жазғы балалар мерекесімен құттықтауды жөн көрді! Жас аналарға жаңа туған нәрестелерге арналған киім-кешек, бала күтімі құралдары сыйға тартылды.

Біздің босану бөлімшесінде бүгін сағат 15.00-ге дейін 37 нәресте дүниеге келді, оның ішінде 24 ұл және 13 қыз. Бүгінгі күні шамамен 50-51 босануды жоспарлап отырмыз.