Медициналық көмек көрсету сапасын жақсартумен қатар медициналық нысандарға қолжетімділікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз



✅Бірінші. Шетелдік тағылымдама және оқуға гранттар бөлу

Біліктілікті арттыру үшін медицина қызметкерлерін шетелге тағылымдамаға жібереміз. Сонымен қатар резидентурада дәрігерлерді тегін оқытуға гранттар санын көбейттік. Мысалы, тек резиндентураға 300-ге жуық грант бөлінді, бұл – жарты миллиард теңге.
Бұл шара дәрігерлерді қалаға қажет мамандықтар бойынша оқытуға мүмкіндік береді. Бұл, сөзсіз, медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, мамандарды тартуға әсер етеді.

✅Екінші. Қадамдық қолжетімділік

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық нысандардың қала тұрғындары үшін қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Медициналық нысандарды қадамдық қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін "Үй маңындағы дәрігер" нысандарын ашамыз. Өткен жылы 29 "үй маңындағы дәрігер" нысаны ашылды. Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандарды ашамыз: оңалту орталықтары, медициналық орталықтар және т. б.

✅Үшінші. Медициналық мекемелердің жабдықталуы

Медициналық мекемелерімізді қажетті жабдықтармен толықтыруды жалғастырамыз. Бүгін бірқатар ауруханаларға, соның ішінде акушерлік блоктарға бардым. Бұл блоктарда медицина қызметкерлері шала туған нәрестелерді де емдейді. Қазіргі уақытта көпбейінді стационарлардағы барлық акушерлік блоктардың жарақтандырылуы 90 пайыздан астамға ұлғайды, сондай-ақ жарақтандырылу үлесін ұлғайтуды жалғастырамыз.

Мысалы, №2 көпбейінді қалалық аурухана алдыңғы қатарлы медициналық техника өндірушілерінің заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жабдықталған. Дегенмен арнайы техниканың тозуы да бар. Осы жылы қосымша компьютерлік томограф (КТ-аппарат) және бірінші кезекте медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықты қоюды жоспарлап отырмыз.

✅Төртінші. Жаңа медициналық объектілерді салу және қолданыстағыларын жөндеу

Қала халқының өсуін ескере отырып, медициналық мекемелердің санын жоспарлы түрде ұлғайту, қолданыстағы ауруханалар ғимараттарының жай-күйін сақтау қажет.