Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратов Тимур Мұратұлының бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК директоры болып Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы тағайындалды.
Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы-Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1976 жылы 11 наурызда туылған.
Білімі медициналық, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург, бірінші санатты қоғамдық денсаулық сақтау менеджері.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамандаған.
Денсаулық сақтау жүйесінде 22 жыл жұмыс істейді, оның ішінде басшылық лауазымдарда 10 жыл.
Еңбек өтілін 1998 жылы Шымкент қаласының орталық аудандық ауруханасында хирургия бойынша өтілгер дәрігері болып бастады.
2002-2010 жылдары Астана қаласының «ҰҒМО» РМК хирург дәрігері,
2010-2015 жылдары Астана каласының «ҰҒМО» РМК Операциялық бөлімінің басшысы
2015 жылғы ақпаннан 2015 жылғы наурызға дейін Астана қаласы №2 Ақмола облыстық аурухана бас дәрігерінің стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК бас дәрігерінің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен «Шапағат» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.