Нұр-Сұлтан қаласының «№2 көпбейінді қалалық аурухана» генетик дәрігерлері Қостанай қаласында «Инвазивті пренаталдық диагностиканың ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында практикалық мастер-класс өткізді. Бұл мастер-класс Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Инвазивті пренаталдық диагностика» әдісін енгізу мақсатында «Скринингті ұйымдастыру ережесі» ҚР ДСМ № 704 бұйрығын орындау мақсатында өткізілді.
Қостанай облысында алғаш рет біздің аурухананың генетик дәрігерлері өздерінің тәжірибелері мен білімдерімен бөліскенінің арқасында әйелдер үшін осы диагностика жүргізілетін болады. Костанай қаласындадағы алты жүкті әйел көрсеткіштер бойынша осы әдіс мүмкіндігін пайдалана отырып зерттеуден өтті. Дәрігерлерге пациенттерге инвазивті пренаталдық диагностика жүргізу үлгісі көрсетілді.
Нұр-Сұлтан қаласы мамандарының тәжірибесі мен дәрігерлердің осы әдісті үйренуге ұмтылысының арқасында, құрсақтағы ұрықтан материал алу сәтті өтті, барлық әйелдер риза болды, енді зерттеу нәтижелерін күтуде.