- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК-да бүйректің аллотрансплантациясынан кейін босанған әйелдің сауығуы ерекше жағдайы болды. Дәрігерлер бала мен ананың өмірін құтқарды. Жүкті әйел № 9 қалалық емханада есепте тұрған және жүктілігінің ауыр ағымына байланысты «№2 көпбейінді қалалық ауруханаға» есепке алынды.
Бұл пациентке созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы болғандықтан 2014 жылы әкесінен бүйрегін алмастырып салған. Кейін 2017 жылы жүкті болған, бірақ өкінішке орай бала аман қалған жоқ. 2019 жылы пациент дәрігерлердің қарсы көрсетулері барына қарамастан жүкті болған, 31-32 апта жүктілік мерзімінде ауыр халде «№2 көпбейінді қалалық ауруханаға» түсті. Бала шала туылды, оны жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесіне ауыстырған. Пациент қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінде жатқан. Осыған қарамастан босанған әйелдің бүйрек жетіспеушілігі өсіп, трансплантатты алып тастау қаупі болды. Әйел жағдайының күрт нашарлауына байланысты Республикалық критикалық акушерлік орталығына ауыстырды, онда дәрігерлер кешенді бүйрек алмастырғыш, иммуносупрессивті терапияны, сулы-электролиттік бұзылулар мен гомеостазды түзетуді жүргізеді. Трансплантат функциясын сақтап қалады. «2011 жылдан бастап Қазақстанда бүйрекке аллотрансплантация жүргізе бастады, осы уақыт ішінде бұл жүктілік бала туумен және сақтаумен аяқталған үшінші жағдай, - дейді РКАО басшысы, профессор А. Ш. Жұмаділов. Қазір пациент сәбиімен үйіне шығуға дайындалып жатыр.