«№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жиналыс өтті.



«№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жиналыс өтті. Жиналыс барысында шақырылған спикерлер сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жылкышиева Жазира Жақсылыққызы; Садыбек Түгел жазушы, департамент жанындағы ақпараттық-ағарту штабының басшысы; Шакенов Жақсылық Малбактыұлы Нұр-Сұлтан қаласының "Nur Otan" партиясының Партиялық бақылау инспекторы.

Сыбайлас жемқорлық - әдетте лауазымды адамның өзінің билік өкілеттігін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын, сондай-ақ осы ресми мәртебеге байланысты беделін, мүмкіндіктерін, жеке басының пайдасы мақсатында байланыстарын пайдалануын білдіретін, заңнамаға және моральдық ұстанымдарға қайшы келетін термин. Сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлғаларды сатып алу, оларды сату, сатып алу деп те атайды.

Сыбайлас жемқорлыққа дискрециялық билікке ие кез келген лауазымды адам (шенеунік, депутат, судья, құқық қорғау органдарының қызметкері, әкімші және т.б.) өзінің қалауы бойынша өзіне тиесілі емес ресурстарды бөлу саласында ұшырауы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың басты ынталандыруы биліктегі өзінің өкілеттігін пайдаланумен байланысты экономикалық пайда табу мүмкіндігі, ал басты тоқтату факторы — әшкерелеу және жазаға тартылуына тәуекелділік болып табылады.

Жазира Жақсылыққызы тікелей бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың жауапты балатынын айтты. Сондай-ақ, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деген не, сыбайлас жемқорлықтың бұл түрі қатардағы азаматтар мен шенеуніктердің өзара іс-қимылынан туындайды. Оған азаматтардан түрлі сыйлықтар мен лауазымды тұлға мен оның отбасы мүшелеріне қызмет көрсету кіреді. Бұл санатқа  тамыр-таныстық (ағайынға бұрушылық) жатады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 1424 Саll-орталығы жұмыс істейді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға тегін консультация беру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.