Интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесі

 

 

Негізгі міндеті - жоғары сапалы мамандандырылған, жоғары мамандандырылған кардиологиялық, оның ішінде интервенциялық кардиология бойынша  жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету және жетілдіру.

Негізгі қызметі  – медициналық қызметтерді көрсету кезіндегі нормативтік-директивтік  және ұйымдастырушылық-құқықтық және әкімшілік құжаттардың, СМЖ нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес бөлімшелер жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүйе бойынша  пациенттерді жоспарлы түрде емдеуге жатқызуды ұйымдастыру, жедел коронарлық синдромы бар пациенттерді аптаның  7 күні бойы тәулігіне 24 сағат ішінде кез-келген уақытта  шұғыл емдеуге жатқызу, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы бар пациенттерді басқа бөлімшелерге уақтылы ауыстыру  және пациенттердің шығарылуын ұйымдастырады.

Бөлімшеде ай сайын шамамен 180 пациент ем қабылдайды.

Бөлімшеде  жүректің ишемиялық ауруының жіті  және созылмалы түрімен ауыратын науқастарға,  жүрек соғысы мен өткізгіштігінің бұзылуымен, жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, артериялық гипертензиямен, кардиомиопатиямен, ревматикалық емес миокардитпен, созылмалы ревматикалық жүрек ауруымен ауыратын кардиологиялық науқастарды жоғары технологиялық жабдықты қолдана отырып зерттеп-қарау және емдеу жүргізеді.

Бөлімше жүрек соғысы мен өткізгіштігі бұзылған, жүрек жеткіліксіздігі, синкопы бар науқастарға көмек көрсетеді.

Келесі аритмологиялық операциялар жасалады:

  1. Жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және қарыншаүстілік  және қарыншалық  ритм бұзылуының  радиожиілікті абляциясы.
  2. Брадиаритмия кезінде 1 және 2 камералық электрокардиостимуляторларды имплантациялау
  3. Жүректен кенеттен өлім жағдайын профилактикалау мақсатында кардиовертер- дефибрилляторларын имплантациялау.
  4. Созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеуге арналған кардиоресинхронизирлеуші  құрылғыны имплантациялау.

Бөлімше құрамына коронарлық тамырды стенттеу, транслюминалдық  балондық ангиопластика, терішілік интервенциялық араласу жасайтын интервенциялық кардиология бөлімшесі  кіреді.

Кардиологиялық науқастарды қосымша зерттеп-қарау  келесі бөлімшелерде жүргізіледі:

  • Функционалды диагностика, мұнда доплерге арналған эхокардиография, бүйрек пен ішперде айналасындағы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу, бүйрек тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы, негізгі тамырлар, ЭКГ холтерлік мониторингілеу және т.б. аппаратуралар бар.
  • Сәулелік диагностика, мұнда кеуде қуысына, асқазан-ішек жолдарына, зәр шығару жүйесі және т.б., ЯМРТ компьютерлік томография  жүргізіледі.
  • Клиникалық диагностикалық зертхана, онда биохимиялық анализдердің барлық спектрі анықталады, соның ішінде трансаминазалар, иммунограммалар, МВ-КФК, тропондік тест, липидограммалар, гормоналды деңгейлері және т.б.

Бас дәрігердің бақылаушы орынбасарларымен бірге диагноз қою мен емделуі қиын науқастарға талдау жасалады, жіті коронарлық синдром клиникасы, жіті миокард инфаркті, жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы сияқты жіті жағдайларда науқастарды емдеуге жатқызудың негізділігі мен уақтылы және науқастарды басқа бөлімшелерге ауыстыру туралы сұрақтарына талдау жасалады.  Апта сайын күрделі жағдайларды клиникалық талдау бойынша конференциялар өткізіледі.

 

   

Бөлімше меңгерушісі

Жанпайзов Темірбек Бахтиярұлы

бірінші санатты кардиолог дәрігер, бірінші санатты рентгенхирург дәрігер. "Астана Медицина Университеті" АҚ түлегі. 2011 жылы "Астана Медицина Университеті" АҚ-да "Кардиология" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. 2013 жылы "ҰОТҒО" АҚ "Рентгенхирургия, оның ішінде интервенция" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Біліктілігін арттыру: "Кардиологияның өзекті мәселелері", "Аритмология" 2018, 2019 жылдары. 2019 жылы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жұмыс өтілі: 10 жыл

 

БӨЛІМШЕНІҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Есенов Талгат Кудайбергенұлы – аға ординатор, жоғары санатты рентгенохирург дәрігер.
    Бельгия, Австрия, Франция, Чехия, Голландия және Ресей сияқты елдерде, Халықаралық симпозиумдар мен аритмология бойынша тренингтерге қатысқан. Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.
    Еңбек өтілі: 20 жыл
  • Жұмағұлов Ерлан Келесбайұлы –  жоғары санатты кардиолог дәрігер, бірінші санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Мынадай біліктілігін арттырудан өткен: 2008 жылы Павлодар қаласы СММА Павлодар филиалы «Кардиология», 2009 жылы Новосибирск қаласы «ННИИПК Росмедтехнологий» ФМУ «Клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология», 2013 жылы Астана қаласы «ҰҒМО» АҚ «Анестезиология және реаниматология», 2014 жылы Астана қаласы «ҰҒМО» АҚ «Клиникалық эхокардиография», 2014 жылы Астана қаласы «ҰҒМО» АҚ «Кардиология, оның ішінде интервенциялық» Астана қаласы 2016 жылы, «Анестезиология және реаниматологияның өзекті мәселелері» «ҰҒМО» АҚ Астана қаласы 2020 жылы «Анестезиологиядағы және қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер» Литва денсаулық ғылымдары университеті медициналық академиясының Анестезиология клиникасы, Каунас, Литва 2017 жылы, «Интервенциялық кардиологияның заманауи стандарттары» Хирсланден клиникасы, Цюрих, Швейцария 2019 жылы
    Еңбек өтілі: 12 жыл
  • Павлов Андрей Михайлович  –  бірінші санатты кардиолог дәрігер. Астана қаласындағы «АМУ»  АҚ  бітірді (2006-2010 жылдары).
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Сакипова Рауза Төлеубайқызы –  бірінші санатты кардиолог дәрігер, 1995 жылы ЦММИ-ді «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді.
    Жұмыс өтілі: 25 жыл
  • Джанпаизов Темірбек Бахтиярович –  екінші санатты кардиолог дәрігер. «АМУ»  АҚ  (2004-2011 жылдары) - терапевт  дәрігерін бітірген.  2011 жылы «Кардиология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. 2013 жылы «Рентгенанги хирургия» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Рентген-ангихирург.
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Искакова Меруерт Калекенқызы –  екінші санатты кардиолог дәрігер.  «АМУ»  АҚ  (2006 - 2015 жылдары) - терапевт дәрігер мамандығы бойынша бітірді. «АМУ»  АҚ  (2013 – 2016 жылдары) кардиология бойынша резидентураны бітірген.
    Еңбек өтілі: 7 жыл
  • Тілеубаева Мөлдір Төлегенқызы –  екінші санатты кардиолог дәрігер. ҚММА-ны (2006-2012) «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2013-2016 жылдары «ҰҒМО»  АҚ кардиология бойынша резидентураны бітірген.
    Еңбек өтілі: 4 жыл
  • Павлов Андрей Михайлович  –  бірінші санатты кардиолог дәрігер. Астана қаласындағы «АМУ»  АҚ  бітірді (2006-2010 жылдары).
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Ноғаева Анаргүл Ұлықпанқызы –  екінші санатты кардиолог дәрігер. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген (2006-2013 жылдары), «ҰҒМО»  АҚ  резидентурада  (2013-2017 жылдары) оқыды.
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Базарбаев Нұрғали Шақырбайұл –  екінші санатты кардиолог дәрігер. Ташкент медициналық институтын (2003-2010 жылдары) бітірген, «ҰҒМКО» АҚ (2015-2018 жылдары) резидентураны бітірген.
    Еңбек өтілі: 4 жыл

 

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй,

Интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесі, 3 қабат.

Байланыс телефондары: 8 7172 43 26 37