Жаңалықтар

Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Соғыс майданында қан кешіп жүріп, асқан ерліктің үлгісін көрсеткен батырларымыз әрдайым ұлтымыздың мақтанышы болмақ. Осыған орай, Ұлы Жеңіс күні қарсаныңда №2 көпбейінді қалалық ауруханаға қарасты Емдеу-диагностикалық орталығының мамандары ерекше іс-шараны қолға алды.

6 мамыр күні орталықтың үздік дәрігерлері Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген азаматтарды және тыл еңбеккерлерін қабылдап, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті.  Мерекеге орай ұйымдастырылған «Ашық есік күні» шарасы барысында мамандар 50-ден астам азаматты қабылдады. Мысалы, терапевт қабылдауынан 22 адам өтсе, хирург 14, дәрігер кардиолог 8, ал невропатолог 15 адамды қабылдады. Сонымен қатар, түрлі органдардың ультрадыбыстық зерттеуінен 34, ал ЭКГ-ден 23 адам өтті. Сонымен қатар ақ халаттылар салауатты өмір салтын жүргізу, дұрыс тамақтану бағытында кеңес беріп, еліміздің ардақты азаматтарына барынша көмек көрсетті. Алдағы уақытта мұндай шаралар дәстүрге айналмақ.


№2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері интервенциялық кардиохирургия бағытында өз біліктіліктерін арттырды

        №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері интервенциялық кардиохирургия бағытында өз біліктіліктерін арттырды. Шеберлік сабағы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасын өткен болатын. Оны әлемнің ең жетекші кардиологы, профессор, Мюнхен қаласы Рехтц дер Изар Бірінші университеттік клиникасы және емханасының Бас дәрігерінің орынбасары Кристиан Купатт жүргізді.

 Коронарлық күретамырлардағы эндоваскулярлық араласулардың негізгі әдістерін оқытуға бағытталған шеберлік сабағы 5 күнге жалғасты.  Оған №2 көпбейінді қалалық аурухананың 30 маманы қатысты. №2 көпбейінді қалалық аурухананың мамандары коронарлық күретамырлардағы эндоваскулярлық араласулардың негізгі әдістеріне, сондай-ақ жіті миокард инфарктісі барысындағы қан айналымды қалпына келтірудің эндоваскулярлық әдістеріне ерекше мән берді. Бұдан бөлек, Германияда ангиография барысында                 қолданылатын құрылғылармен етене жақын танысты.


№2 көпбейінді қалалық аурухана базасында Емдеу-диагностикалық орталығы ашылды

 Нұр-Сұлтан қаласы №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында Есіл ауданының жүкті әйелдері мен тұрғындарына арналған Емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.

Елордада Емдеу-диагностикалық орталығын ашудың мақсаты аналық, перинаталдық және нәрестелік аурулар мен өлім-жітімді азайту болып табылады.

Аталған орталықта, жыныстан тыс дерті бойынша жоғары қауіп-қатерлі топтағы жүкті әйелдердің барлығы, жүктілікті жүргізу мен босану жоспарымен көп тәртіптік комиссияның қорытындысымен, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша зерттеудің қосымша әдістері бойынша салалық, кәсіби мамандардан кеңестер ала алады.


Қазақстанда алғаш рет халықаралық шеберлік сабағында емделушілерге төртінші буын стенті қойылды

Қазақстанда алғаш рет халықаралық шеберлік сабағында бұған дейін миокард инфарктісіне шалдыққан емделушілерге, төртінші буын стентін орнатты. Еліміздің жетекші интервенциялық кардиологтары №2 көпбейінді қалалық ауруханада жиналып, денсаулық сақтау саласындағы аз инвазиялық әдістермен танысты. Бұл әдіс науқастың неғұрлым тез сауығып кетуіне септігін тигізіп, операциядан кейінгі асқынулардың қаупін азайтады.

"Коронарлық күретамырлардың жаппай созылмалы бөгелмелерін эверолимус дәрі-дәрмектік затымен қапталған аса жіңішке балкалы Evermine 50™ төртінші буындық стенттерімен емдеу әдісі" тақырыбындағы шеберлік-сабағын Италиядан арнайы шақыртылған профессор, медицина ғылымдарының докторы, халықаралық деңгейдегі білікті маман Пьер Франческо Агостони өткізді. Ол интервенциялық кардиология бағытында біршама кітап жазып, ұлттық және халықаралық зерттеулерге белсене қатысады. Шеберлік сабағының басында №2 көпбейінді қалалық ауруханасының бас дәрігері Иван Ли құттықтау сөзін сөйледі.


"Қолқалы коронарлық ұштастырудың заманауи техникалық нұсқалары" тақырыбындағы апталық шеберлік сабағы

Бүгін Хирсланден госпиталінің (Швецария) жетекші кардиохирургы, профессор Паскаль Андре Бердаттың қатысуымен өткен "Қолқалы коронарлық ұштастырудың заманауи техникалық нұсқалары" тақырыбындағы апталық шеберлік сабағының қорытындылары жарияланатын болады.
 
Шеберлік сабағын өткізу барысында, профессор, Еуропаның жетекші кардиохирургы ЖКО зардап шеккендерді құтқаруға қатысып, нақтырақ Филиппин елінің азаматшасына операция жасалды.
 
Сарапшымен, қолқалы коронарлық ұштастырудың жаңаша технологиялары және әдістері туралы ең өзекті тақырыптарға арналған бірқатар лекиялар ұсынылды. Лекциялық материалмен қатар №2 көпбейінді қалалық аурухананың операция жасау блогында профессор бірқатар оталар жасады: жүректің ишемиялық ауруындағы ұштастыру, қолқалық және қос жармалы қақпақшаның тарылуындағы қақпақшаның хирургиялық жолмен ауыстыру. Бұдан бөлек, науқастарды операциядан және оңалтудан кейінгі жүргізу тактикасы талқыланды.

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"