Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған шара

Бүгін №2 көпбейінді қалалық ауруханада Дүниежүзілік жүрек күніне орай емделушілерге арналған шара өтті. Атаулы жиынның басты мақсаты - халықты жүрек дерті жайлы ақпараттандырып, алдын алу және емделу жолын түсіндіру.  

Жиын барысында дәрігерлер жүрекке жүк түсіріп, дертке шалдықтыратын негізгі себептермен таныстырды. Олардың қатарында жиі кездесетіндері қан қысымының жоғарылығы, холестериннің көп мөлшері, шылым шегу, жеміс-жидек пен көкөністі аз тұтыну, артық салмақ, алкоголь өнімдерін пайдалану және гиподинамия.

  • Мамандар, біріншіден, дене салмағын қалыпты ұстау қажеттігін айтады.
  • Екіншіден, темекі мен арақтан бас тартқан жөн. Темекі - жүрек-қан тамыры ауруының пайда болуын 3-4 есеге арттыратын фактор. Яғни жүрек кеселіне - көбіне-көп темекі себеп. Темекінің түтіні өкпеден шығып, шайыры қан тамырының эластикасын жояды. Сондай-ақ темекі өкпе қатерлі ісігінің тууына себепші болады.
  • Үшіншіден - ас тұзын шектен артық тұтынбау.
  • Төртіншіден - үнемі дене шынықтырумен шұғылданып тұру кажет. Аптасына кем дегенде бес рет әрекеттеніп жүру және әрбір жүрістің жарты сағаттан артық болуын қадағалау керек. Адам күніне шамамен 3 шақырымнан артық жол жүргені абзал. Дегенмен әрбір адам өзінің нақтылы шамасы мен жағдайына сай қимыл жасау керек.
  • Бесінші - қандағы май құрамын тұрақты ұстау қажет.
  • Алтыншы - қан қысымын да тұрақты ұстау керек.
  • Жетінші - үйлесімді азықтану. Жоғары қуатты азықтарға қарағанда көкөніс, жеміс-жидектерді көбірек тұтынған дұрыс.
  • Сегізінші - көңіл-күйіңіз жайлы, рухани, отбасылық күйзелістен арылуға тырысып, демалыс уақытына көңіл бөліп, кең пейілді, сабырлы болу қажет.

Тоғызыншы - дәрігерге уақытында барып, кеңес алып тұру керек, - дейді аурухана мамандары.

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"