Нұрлы жол-болашаққа бастар жол

 

2014 жылғы 20 желтоқсанда ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК-да   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіруге арналған жиналыс өтті. Жолдау - мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарды нақтылайтын тарихи құжат.

Жолдауды түсіндіруге Мұқашев Рахмет  (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты), Яковлева Татьяна (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты), Төлеғалиева Ажар  (ҚР ДС және ӘД Министрлігінің Әлеуметтік даму департаментінің директоры), Жантұрғанов Мақсат(№2 қалалық аурухана бас дәрігері) қатысты.

 

Жиналыс барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстары түсіндіріліп,  Депутаттар мемлекет тарапынан берілген барлық міндеткерліктер орындалатындығы жайлы айтты.Сондай-ақ, 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап зейнетақылар мен өтемақылардың өсіп, мемлекет дамуының инфрақұрылымдық бағдарламалары өз бастауын алады деп уәде берді.

Жиналғандар көкейіндегі жүрген сұрақтарды қойып, өз ойымен бөлісуге мүмкіндік алды.

Жиналыс аяғында Қазақстан халқы толерантты, тату болу қажет деген тоқтамға келді.