Бас миы оң жақ жартышарының орта ми күретамырының бассейнінен церебралдық ангиография және тромбэмболэктомиясы

2015 жылғы 29 қазанда Астана қ. «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК-де  қалалық стационар деңгейінде алғашқы рет «Бас миы оң жақ жартышарының орта ми күретамырының бассейнінен церебралдық ангиография және тромбэмболэктомиясы» жаңа операциясы енгізілді. 

 

1 сурет. Орта ми күретамырын қалпына келтіргенге дейін

2 сурет. Орта ми күретамырын қалпына келтіргеннен кейін

Операцияны С.С. Мухаметкалиев («№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі) Е.Ж. Медетовпен («Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ нейрохирургы) бірлесіп жүргізді.

    65 жастағы науқас № 2 қалалық аурухананың жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесіне «Сол жақ үстіңгі қол-аяқтарының күретамырларының жіті тромбоэмболиясы, 2 дәрежелі ишемия» диагнозымен келіп түскен. Ауруханаға келіп түскен кезде «Сол жақ үстіңгі аяқ-қолдардың артериографиясы және сол жақ үстіңгі аяқ -қолдардың күретамырларының тромбэмболэктемиясы» операциясы жүргізілді. Екі тәуліктен кейін ми қан айналымының жіті бұзылуы, орта ми күретамырының тромбоэмболиясы мен сол жақ гимиплегия орын алған. Сол күні «Бас миы оң жақ жартышарының орта ми күретамырының бассейнінен церебралдық ангиография және тромбэмболэктомиясы» операциясы жасалды. Жасалған операциядан кейін 20 минут өткен соң, сол жақ қол-аяқтардың қозғалысы толығымен қалпына келтірілді.

    № 2 қалалық аурухананың жүрек-тамыр хирургтарының жоғары біліктілігі мен заманауи медициналық жабдықталу нәтижесінде пациенттің өмірі құтқарылды. Статистика бойынша 90 % жағдайларда емделушілер түрлі ауырлық дәрежедегі мүгедектер болып қалады. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттандырарлық. Біздің жоғары білікті мамандарымыз жүрек-тамыр ауруларын емдеуде аталған әдістемені одан әрі қолдануды жоспарлап отыр.