Бүгін біздің Ауруханада "Халықаралық шала туылған балалар күніне"орай Катамнез және оңалту бөлімшесінде мереке өтті.



Бүгін біздің Ауруханада "Халықаралық шала туылған балалар күніне"орай Катамнез және оңалту бөлімшесінде мереке өтті.

Мерекеге біздің аурухананың қабырғасында өмірі басталған кішкентай пациенттер шақырылды. Балалар мен олардың ата - аналары демеушілерден естелік сыйлықтар алды: ""Астана сеть Инжиниринг" ЖШС - Ахатов Әсет Аманжолұлы, Шарипов Мақсат Талғатұлы, "BEKZAT"шала туылған балаларға көмек көрсету қоры  - Ташманов Бақдәулет Нұрдәулетұлы.

Бұл күні ҚР эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаровтың музыкалық құттықтауы тосын сый болды. Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"ММ Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Айгерім Бауыржанқызы Лебаевадан құттықтау айтылды. Бағдарламаның арнайы қонағы журналист, тележүргізуші және қоғам қайраткері Динара Сәтжан болды.

Біздің Аурухананың директоры Н.Н. Тұрсынбаев демеушілер мен қонақтарға алғысын білдірді, ол аталған іс-шараны өткізудің басты мақсаты қоғамды мерзімінен бұрын босанудың қауіптілігі мен салдары, сондай-ақ жүктіліктің толық мерзімін сақтау қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылатынын атап өтті.