Президент Жолдауы

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент жолдауы ел дамуының негізгі мақсаттарына, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қамтылған болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Үкіметке Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағыты бойынша тапсырма берді:

- Отандық фармацевтиканы дамыту. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс.

- 2-ші жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақылары ретінде 150 млрд теңге төленсін.

- Алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау. Ол халықтың барлық тобына, соның ішінде ауыл тұрғындарына барынша шұғыл түрде көмек көрсететін және әрі қолжетімді болуы тиіс.

- Шалғай өңірлер үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау.

- Барлық ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету.

- Медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамын жасау (10 жылға дейін болуы мүмкін).

- Сирек кездесетін мамандықтар бойынша дәрігерлерді дайындау: эпидемиологтар, реаниматологтар, инфекционистер, пульмонологтар және кардиологтар.

- 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосып, «ЭКҰ» бағдарламасы бойынша квоталар санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге ұлғайту.

Сондай-ақ, Президент жыл соңына дейін ел өңірлерінде 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынатынын атап өтті. 2025 жылға қарай 20 заманауи медициналық мекеме пайдалануға беріледі. Осыған байланысты шамамен 1,5 трлн теңге инвестицияланады. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі көпбейінді медициналық орталық салынады. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономика бойынша орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын онлайн режимде қарап, біз, медицина қызметкерлері, Президентіміздің медицинаны дамытуға ерекше көңіл бөлетініне және дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалайтынына қуаныштымыз. Жолдауда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық қажетті міндеттер көрсетілген. Біз өз кезегімізде алға қойылған барлық міндеттерді шешуге көмектесеміз»,-деп атап өтті директордың міндетін атқарушы Н. Тұрсынбаев.