Бүгін COVID-19 диагностика бойынша мобильді скрининг орталығының ресми ашылуы өтті



Бүгін COVID-19 диагностика бойынша мобильді скрининг орталығының ресми ашылуы өтті
ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК базасында мобильді скрининг орталығы ашылды, онда барлық нниеттенген адамдар жеке автокөлікте немесе жаяу келіп коронавирустық инфекцияға тестілеуден өте алады. Бұл скрининг-орталық Экспо аумағында, «Мега Silk way» СОО авто тұрағында (№2 КҚА ауруханасы мен «Мега Silk way» СОО арасында) орналасқан.
Прецедура ақылы, тест бағасы 10 000 теңге. Мобильді орталықтың жұмыс кезеңдері келесі кесте бойынша құрылған: кіру — тіркеу — зерттеп-тексеру — үлгі алу— шығу. Кіргеннен кейін тестіленушілер жеке ақпарат, эпидемиологиялық факторлар мен байланысты симптомдары бар сауалнаманы толтырады. Кабинада дене температурасы контактісіз термометр көмегімен өлшенеді. Нәтиже белгілі болған соң, науқас оны электрондық пошта немесе watsapp арқылы тәулік ішінде ала алады. COVID-19 вирусына күдікті болған жағдайда тестіленуші мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады. Мобильді скрининг-орталық сағат 10-ден 16.00-ге дейін дүйсенбіден сенбі күні аралығында демалыссыз, індеттің соңына дейін жұмыс істейтін болады.

Адамдарды қабылдау саны шектеулі-90 ға жуық.

Сұрақ қою