Жаңалықтар

«№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жиналыс өтті.

«№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жиналыс өтті. Жиналыс барысында шақырылған спикерлер сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жылкышиева Жазира Жақсылыққызы; Садыбек Түгел жазушы, департамент жанындағы ақпараттық-ағарту штабының басшысы; Шакенов Жақсылық Малбактыұлы Нұр-Сұлтан қаласының "Nur Otan" партиясының Партиялық бақылау инспекторы.

Сыбайлас жемқорлық - әдетте лауазымды адамның өзінің билік өкілеттігін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын, сондай-ақ осы ресми мәртебеге байланысты беделін, мүмкіндіктерін, жеке басының пайдасы мақсатында байланыстарын пайдалануын білдіретін, заңнамаға және моральдық ұстанымдарға қайшы келетін термин. Сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлғаларды сатып алу, оларды сату, сатып алу деп те атайды.


№2 Көпбейінді қалалық аурухананың директоры Иван Ли Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқарамасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі Кисикова Сауле Дюсебековнаның алдында жылдық есебін берді.

№2 Көпбейінді қалалық аурухананың директоры Иван Ли Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқарамасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі Кисикова Сауле Дюсебековнаның алдында жылдық есебін берді.

Жиналыс басында Қоғамдық Денсаулық сақтау басқарамасының жетекшісі Кисикова Сауле Дюсебековна барлық аурухана қызметкерлерін жаңа жылдарымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жаңа жылдың басты жаңалығы - елімізде 1-қаңтардан бастап МӘМС жүйесімен бүкіл медициналық ұйымдарының жұмыс істеп келе жатқанын еске сала кетті.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерті

13 желтоқсан 2019 ж «№2 көпбейінді қалалық ауруханада» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні - жыл сайын Қазақстанда 16-17 желтоқсан күні атап өтілетін басты ұлттық мереке. Көптеген мемлекеттік мерекелер сияқты, ол республикада тұрып жатқан халықтар мен ұлттардың әртүрлі мәдени және этникалық салт дәстүріне қарамастан татулыққа шақыратын маңызды мереке. Бұл еркін және тәуелсіз бейбіт өмір сүріп жатқан республикада жеке ұлттар мен халықтардың ұлттық киімдерін, билерін, аспаздық дәстүрлерін және басқа да мәдени элементтерін көрсету мүмкіндігі.


Осы жылдың қыркүйек айында «№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында «Республикалық қауіпті акушерлік орталығы» ашылды

Осы жылдың қыркүйек айында «№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында «Республикалық қауіпті акушерлік орталығы» ашылды.

Республикалық қауіпті акушерлік орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдарынан келген немесе жедел жәрдем көмегімен, санитариялық авиациямен жеткізілген пациенттердің денсаулығын тұрақтандыруға, босанғаннан кейінгі, аборттан соң әртүрлі ағзаның өмірлік маңызды қызметінің бұзылуын қалпына келтіру және қолдау бойынша ауқымды кешенді іс-шараларды уақытылы жасау мақсатында құрылған. 


Жүкті әйелдерді тексеруге арналған заманауи құрылғы

Нұр-Сұлтан қаласы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің жүкті әйелдерінде «№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың» цитогенетикалық зертханасында сәтті жұмыс істеп тұрған  «Fish-диагностик» бірегей диагностикалық кешенде жүктіліктерінің ерте мерзімінде іштегі ұрықтың хромосомдық ауруларын анықтауға қажетті медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өту мүмкіндігі пайда болды. Бұл тәсіл ДНК-зондтар (FISH тәсілі) амниотикалық сұйықтықтың белсенді емес жасушасын пайдалану арқылы молекулярлық-цитогенетикалық зерттеу асқыну қаупінсіз түтік ішінде зерттеу мүмкіндігін береді. Осы тәсіл басқа дамыған мемлекеттерде сәтті және кеңінен қолданылады, бірақ біздің елімізде ол ТМККК шеңберінде тегін жасалады.


Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"