Пікірлер

Сұрақ-жауаптар   

#3 Бекболат 11.06.2020 05:00
Цитирую Бекболат:
Рахмет сізге ақ халатты абзал жан!
"Бірінші байлық - ден саулық" деп айтып кеткен ата-бабаларымыздыңсөзінде қаншама ғибрат бар!
Осыдан бірнеше ай бұрын, біздің әкеміз Қабдешев Бағытжан, айтып келмес, жанға батарлық сырқатқа жаодығып №2 көпбейінді қалалық ауруханаға түсті. Дер кезінде дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, аурудың асқынуына жол бермей, ем-шараны дұрыс қолданудың арқасында аурудың беті бері қарап жанымыз жай тапты.
Осы аурухананың неврология бөлшімшесінің меңгерушісі Айтжанова Шынар Ғалымбековнаға және барлық ұжымдастарына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Тәжірибелі дәрігер Шынар Сериковна әкемізге ем алып шығуына бар күші мен біліктілігін жұмсады! Осы бөлім қызметкерлерінің жылы сөздері мен ыстық ықыластарыда бізге ем болды.Дәрігер деген ізгі мамандықты қапысыз меңгерген Айтжанова Шынар Ғалымбековнаға және барлық ұжымдастарын алдында басымызды иеміз!
Қабдешевтер әулиеті, Нұр-Сұлтан қ. 2020 ж

№2 көпбейінді қалалық аурухана жағымды пікіріңіз үшін алғыс білдіреді. Ел азаматтарының денсаулығын нығайтып, ұлт саулығын барынша қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Емделушілер тарапынан айтылған жылы лебіздер біздің мамандардың мерейін арттырып, әрдайым сапалы қызмет көрсетуге бағыттайды.
Сұраққа жауап
#2 Aizhanat Nurseiit 27.09.2018 05:43
Цитирую Aizhanat Nurseiit:
"Жақсының жақсылығын айт нұрын тасысын" демейме.
Тісімді жұлдырқаннан кейін, асқынып, бетім қатты ісіп кетті.
Жедел түрде
#2 Қалалық ауруханаға жатып, дәрігер беттің төменгі жағын, жақ сүйек жанынан тіліп, ісіктің бетін қайтарды.
Ν 2 Астана қалалық больницаның жақсүйек, бет (челюстно лицевая) хирургі Жұмабаев Арман Қанаталұлының жеңіл қолымен операция сәтті өтті. Аллаға шүкір! Дәрігерлерге мың алғыс!!! Сол күні кезекші болған, бөлімде зыр жүгіріп қызмет көрсетіп жүрген медбикелер Маржан Алдайқызы және Мадина Кенжебаеға алғыс айтқым келеді.
Жалпы #2Қалалық аурухананың, жақсүйек бет хирургиясын басқаратын жоғары санатты хирург Абильдин Даурен Елеубаевичке алғыс айтамын!! Ол кісі әрбір науқасты өзі жеке жеке қабылдап, жарақатын қарап, таңып, тезірек емдеудің барлық амалын жасайды екен.
Ол кісі басқарып отырған ұжымның барлық хирург дәрігерлері өз ісінің білікті мамандары.
Ұжымда барлық дәрігер, медбике, тех персонал өз міндеттерін жақсы орындайды екен. Осында бір апта жатқанда байқағаным, Қызметкерлер Науқастың жағдайын сұрап, барлық жағдайын жасап тұрады, әрі жүздері жарқын, ешкім қабақ шытып сөйлеген емес. Әрі дәрігерлер орынды қалжыңмен, жылы сөзбен науқастың көңілін көтеріп отырады екен. Бұл да науқастардың тезірек айығып кетуіне септігін тигізетіні сөзсіз.
Бет жақ хирургиясының ұйымшыл ұжымына табыс тілеймін, әрі дендеріне саулық тілеймін! Алла разы болсын!

Сәлеметсізбе!
Сізге бас дәрігердің блогына жазғаңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздің алғыс сөздеріңіз жалпы хирургия бөлімшесінің қызметкерлеріне жеткізілді.
Сұраққа жауап
#1 Нұрсұлуға жауап 07.02.2017 16:39
Цитирую Нұрсұлу:
Жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Айғараев Рахимжан Дайрабайұлына, м.ғ.к доцент ҚОЖАХМЕТОВ СӘКЕН ҚАЙРОЛЛАҰЛЫНА және осы бөлімнің барлық медперсоналдарына алғысымызды білдіреміз. Дер кезінде көрсетілген көмек, мамандардың жоғары біліктілігі, қаралушыға деген ерекше қарым-қатынас үшін рахмет. Жұмыстарыңызға табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Дәрігер атағын абыроймен атқара берулеріңізге тілектеспіз!
Ізгі тілекпен: Баядиловтар отбасы, Астана қаласы.

Сәлеметсізбе, Нұрсұлу!
Сізге бас дәрігердің блогына жазғаңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздің алғыс сөздеріңіз жалпы хирургия бөлімшесінің қызметкерлеріне жеткізілді.
Сұраққа жауап

Сұрақ қою

Пайдалы сілтемелер


0001.png001.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"