ТМККК

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 көпбейінді қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Есіл ауданы, Т. Рысқұлов көшесі, 6-үй, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде (ТМККК) медициналық көмектің мынадай түрлерін көрсетеді:

1) жоспарлы тәртіппен – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) немесе басқа денсаулық сақтау ұйымы мамандарының жолдамасы бойынша;

2) шұғыл айғақтар бойынша (демалыс және мереке күндерін қоса алғанда) – жолдаманың болуына қарамастан

№2 КҚА-да барлық пациенттерге, жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және жүктіліктен тыс әйелдерге медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі - МӘМС) көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарына сәйкес ақылы негізде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Медициналық көмек келесі бейін бойынша көрсетіледі:

- аллергология

- гастроэнтерология

- гинекология, аборт жасалуын қоса алғанда

- кардиология

- аритмология

- кардиохирургия

- колопроктология

- неврология

- нейрохирургия

- нефрология

- отоларингология

- офтальмология

- ревматология

- пульмонология

- қан-тамыр хирургиясы

- торакальдық хирургия

- травматология

- терапия

- урология

- хирургия

- жақ-бет хирургиясы

- медициналық оңалту және қалпына келтіру емі: кардиология, кардиохирургия, неврология, травматология

- босандыру

- жүкті әйелдер патологиясы

- жаңа туған нәрестені күту

- жаңа туған нәрестелер хирургиясы

- балаларға арналған гинекология

- медициналық оңалту (катамнез бөлімшесі)

- медициналық-генетикалық кеңес беру

- диагностикалық зерттеулер (КТ, МРТ)

Пайдалы сілтемелер


0001.png001.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"