Бүгінгі күнгі бала жоспарлаудагы әйел денсаулығы.

Өмірге дені сау  нәресте келу үшін-оны дүниеге әкелетін ананың денінің сау болуы мен үшін басты қағида...... Менің негізгі мамандығымның ішіндегі басты сала, бұл экстаргенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерді 9ай  бақылап, басты мақсатқа -олардың нәрестесін қолына  аман есен алуы. Әлдеқайда анау 19 -ғасырдағы қазақ әйелінің денсаулығымен өкінішке орай бүгінгі қыз - келіншектерді салыстыруға мүлде келмейді. Бүгінгі таңдағы ДДҰ- ның ұсынған,сонымен қатар ҚР, денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүктілікті жүргізуде тым қиыншылықтарға  кездесетініміз анық. Нақтырақ айтсам экстагенитальды патологияларға: Қант диабеті (1,2 типі, немесе жүктиілікпен шақырылған қант  диабеті) , cозылмалы артериалды гипертензия (ауыр дәрежесі),туадан және  жүре пайда  болған жүрек ақаулары, және(жүрек жеткіліксідігінің 2-4 дәрежесімен,  және өкпе гипертензиясымен асқынған), қатерлі рак аурулары (қалқанша безінің  жетіспеушілігі, немесе екі жақты  тиреодэктомия),жүйелі аурулар (жүйелі склеродермия, буын жетіспеішілігінің 3-4 дәрежесімен асқынған), қан жүйе аурулары (гендік тромбофилия және иммунды  тромбоцитопения)сонымен қатар;созылмалы  варикозды  жетіспеішіліктер, созылмалы анемия, және бүйрек жеткіліксіздігі ( агенезия, ауыр  түрлері).... Егер  білсеңіз бұл аурулармен жүкті әйел  заңды  түрде  №626  бұйрық бойынша ( 28 шілде 2015ж) жүктілік  көтеруге болмайтын  аса қауіп қатер тобына кіреді.

   Ал бүгінгі күннің жағдайы қалай? Өкінішке  орай әйелдер өз ауруын  біле тұра, ешқандай  дәрігердің рұқсатын алмай, прегравидарлы  дайындықты  өтпей  жүкі болып  дәрігердің алдына келуі. Осы  орайда аналитикалық  көрсеткіш бере кетсем  5 әйел келсе, оның 2 жағдайында қант диабетінің кезігуі, (семіздік -55% пайызда кездескендіктен қаупі жоғары), әдеттегі түсік 25%(гендік  тромбофилия жағдайында), cозылмалы артериалды гипертензия (ауыр дәрежесі)-25% созылмалы анемия  54%, созылмалы пиелонефрит 48 %., ЭКО -10%(әйелдік, және еркертік фактор)Бұл көрсеткіш тек  бір мегаполистің, бір экстаргениталды ауруларымен жүкті әйелдердің  кабинетінен алынған көрсеткіш..Осыған сәйкес  бүгінгі таңда медицицнаның дамыған заманында, заманауи технологияның жеткен дәуірінде өкінішке орай, баланың ана құрсағынан өлі туу жиілігі (28-39апталарда), ерте неонатальды өлім, баланыың ерте туылуы,немесе  нәрестенің іштен ақаумен туылуы жағдайлары, және қант диабетімен асқынған фетопатияның орын алуы( гигант 4500гр жоғары, нәрестенің туылуының  жиілеуі)

-Қарапайым тілмен айтқанда қазіргі таңда жастардың арасындағы жыныстық қатынастардың ерте болуы, жасөспірім қыздардың түсік жасатуға бейімделуі, шылым шегу  тобындағы болащақ аналар, ерлерде белсіздікке алып келетін  әр түрлі жағдайлар  осыған куә деуге болады. Егер де әр отбасын жоспарлаған ер азамат пен азаматшалар өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезінуі керек.

 Нұр -Сұлтан  қаласы, «Көпбейінді 2ші қалалық аурухана», акушерлік блоктың,  «Әйел денсаулығы»  бөлімшесінің ,1 ші санаттағы акушер гинеколог  дәрігері Хангельдина Сұңқар