Ішкі аудит және пациентті қолдау қызметі бөлімі

Ішкі аудит және пациентті қолдау қызметі бөлімі (бұдан әрі- ІА және ПҚҚБ) Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:

  1. «№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың» медициналық көмек сапасын басқару бойынша қызметін үйлестіру;
  2. пациенттің сұрау салулары мен күтулерін қанағаттандыруға бағыттау;
  3. көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағыттылығы;
  4. пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтер көрсету кемшіліктерін төмендету;
  5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәртібін, пациент пен отбасының құқықтарын сақтау;
  6. Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарын сақтау;
  7. әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру процесіне қатысуын ынталандыру;
  8. медициналық қызметтердің сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуге жүйелі көзқарас.

Егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметі бөліміне жүгініңіз. Бөлім сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.

Сіз өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді  бірінші қабаттағы кіреберісте және тіркеу бөлімінің жанында ілінген «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігіне қалдыра аласыз.

Біз Сізге «№ 2 көпбейінді қалалық ауруханасының» медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікір мен ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

ІА және ПҚҚБ қызметкерлерінің құрамы:

  • Рустемова Ұлша Абдурасулқызы –  бөлім басшысы, жоғары біліктілік санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушысы, медиатор.
    Еңбек өтілі: 34 жыл
  • Қожахметова Шолпан Бүтінбайқызы –  аға сарапшы дәрігер, акушерия және гинекология бойынша ҚР ДСМ аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы; жоғары біліктілік санатты акушер-гинеколог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 35 жыл
  • Тыныштықова Зәуреш Сарамбетқызы – сарапшы дәрігер, жоғары біліктілік санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, жоғары біліктілік санатты терапевт дәрігер, ҚР ДСМ аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, Денсаулық сақтау үздігі.
    Еңбек өтілі: 25 жыл
  • Кенжалиева Мәншүк Хайржанқызы – сарапшы дәрігер, екінші біліктілік санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы; жоғары біліктілік санатты невропатолог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 33 жыл
  • Тананова Айнұр Ахметқызы –  сарапшы дәрігер, бірінші санатты кардиолог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 10 жыл
  • Рүстемова Күлсара Рүстембекқызы –  м.ғ. д., профессор, дәрігер сарапшы, ҚР ДСМ аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, жоғары біліктілік санатты хирург дәрігер.
    Еңбек өтілі: 40 жыл
  • Разумова Рамзия Рустамовна –  дәрігер сарапшы, м. ғ. к. жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 40 жыл
  • Сейдуллаева Лейла Алтынбекқызы –  сарапшы дәрігер, кафедра доценті, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 40 жыл
  • Бүлішева Мейіржан Сағынтайқызы –  пациенттерді қолдау қызметінің маманы, педагог-психолог.
    Еңбек өтілі: 34 жыл

 

Біздің байланыс ақпаратымыз:

Нұр-Сұлтан қаласы, Рысқұлов көшесі, 6-үй, 4 қабат - клиникалық блок,

Нұр-Сұлтан қаласы, Рысқұлов көшесі,  8-үй, 1 қабат – акушерлік блок.

Телефондары: 8 (7172) 43-28-82; 8 (7172) 43-27-15; 8 (7172) 43-47-41.

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"