×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/astanaclinic.kz/new.astanaclinic.kz/images/enpf/vstrecha_05122018
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/enpf/vstrecha_05122018

Астана қаласы бойынша мектеп және балабақша басшыларымен маңызды кездесу болды

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және Қалалық орта сапасы және бақылау басқармаларының  ұйымдастыруымен Астана қаласы бойынша мектеп және балабақша басшыларымен маңызды кездесу болды. 2018 жылдың 5 желтоқсанында болған шара Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілгендей Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесіне орай болған еді.

{gallery}enpf/vstrecha_05122018{/gallery}

Шараға қатысушылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері.

«Біз бүгін біраз ақпарат алдық. Елбасының жақында жария болған Жолдауындағы қарапайым халыққа жасап отырған жағдайының іске асып жатқанына қуанамын. Міне, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 мың теңгеге көтерілетіні біз үшін үлкен көмек болды. Оның үстіне мұғалімдердің жалқысы көтерілетіні де. Өйткені, қазір біздің мектепке ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қажет еді» - деді Астана қаласы №78 мектеп директоры Жұмабекова Жанар Өмірханқызы.

Кездесу барысында жұмыс берушілермен халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындары квотасын орындау, еңбек нормаларын сақтау, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында (www.enbek.kz) тіркелу, электронды еңбек шартын тіркеу, бірыңғай жинақталған төлем, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері және жұмыс берушілердің арасындағы кездесулер апта сайын ұйымдастырылуда.

Астана қаласы
Халықты жұмыспен қамту
Орталығының Баспасөз қызметі