Үздік журналистік материалға байқау

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға байқау өткізетіндігін жариялайды.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар әр түрлі жанрда болуы мүмкін: мақала, очерк, сұхбат, репортаж, радио және бейнесюжет, талдамалы бағдарлама және т. б.

Жұмыстарды 2018 жылдың 31 тамызына дейін (қоса алғанда): * Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына – материалдың сканерден өткізілген көшірмесін немесе сілтемесін (мысалы материал файл алмасу хостингіне орналастырылуы мүмкін)материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге;

* Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесі, 82) – материалдың түпнұсқасын немесе көшірмесін (оның ішінде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флеш-жинақтауышта болуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге жіберу қажет.

Бұдан басқа, қатысушы бекітілген нысанға сәйкес (өтінім нысаны ұсынылған) толтырылған өтінімді қосу тіркеуі тиіс.

Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін шығарылып, Қордың www.enpf.kz ресми сайтында жарияланады.

Қазылар алқасы «Үздік журналистік материал» санаты бойынша мемлекеттік тілде үш жеңімпазды және орыс тілінде үш жеңімпазды анықтайды.Әрбір аталымда жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады:

-бірінші орын үшін – ноутбук;

- екінші орын үшін – планшет;

- үшінші орын үшін – диктофон.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

БАҚ үшін байланыстар: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ӨТІНІМ

«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға өткізілетін байқауға қатысуға арналған.

1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ТАӘ);

2. Туған жылы, айы, күні;

3. Жеке куәлігінің көшірмесі;

4. Байланыс деректері (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы);

5. Жанр және материалдың тілі;

6. Материал жазылған тасымалдауыш (диск, флеш-жинақтауыш).