Жүрек-қан тамыр хирургиясы бөлімшесі жүрек

 

Отделение сердечно-сосудистой хирургии

 

Бөлімше меңгерушісі

Смоленский Алексей Викторович

Жоғары санатты кардиохирург. А. Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында кардиохирургия мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірген, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы.

Республикалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысады (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Австрия Вена қаласы, Нидерланда Амстердам қаласы, Италия Милан қаласы), сонымен қатар Бельгиядан, Швейцариядан, Литвадан келген профессорлардан митральды қақпақшаға кіші инвазивтік хирургия пластикасы және аорта корны хирургиясы бойынша мастер-классқа қатысқан.

Жұмыс өтілі: 14 жыл

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 51

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Ли Александр Вилорьевич  –  жоғары санатты кардиохирург, бөлімшенің аға дәрігері. Ол         А. Н. Бакулев атындағы ЖҚТХ ҰМЗО клиникалық дәрігерлікті тамандаған Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы. Республикалық және қалааралық конференцияларға қатысты (Австрия, Вена қаласы, Италия Милан қаласы). «Кардиохирургия» мамандығы бойынша «Кардиохирургиядағы өзекті мәселелер» циклі және «Экстракорпоральді мембрана оксигенациясы» перфузиясы бойынша біліктілігін арттыру курсын  аяқтады.
    Еңбек өтілі: 13 жыл
  • Ким Михайл Викторович  –  жоғары санатты кардиохирург дәрігер. Сеул қаласы, Корея Республикасындағы «Asan Medical Center» кардио-торокалдық хирургия бойынша мамандандыруға қатысты. Бельгия Левен қаласында Paul Sergeant профессордың қатысуымен «Gasthuisberg University Hospital» жұмыс істейтін жүрекке аорто-коронарлық ұштастыру бойынша мамандандырудан өтті. Ресей, Новосибирск қаласында Е.Н. Мешалкин академиктің атындағы «Қан айналымы патологиясы ғылыми-зерттеу институтында» аспирантураны бітірген Ресей, Новосибирск қаласында Е.Н. Мешалкин академиктің атындағы «Қан айналымы патологиясы ғылыми-зерттеу институтында» ересектер кардио-хирургия саласы бойынша клиникалық ординатура «С.Д Асфендияров атындағы ҚазҰМУ емдеу факультетінің жалпы хирургиясы бойынша интернатурасын аяқтаған.
    Еңбек өтілі: 15 жыл
  • Шамұратов Ислам Калымханұлы  –  кардиохирург дәрігер. Ол А. Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясында мамандандырудан өткен. Республикалық және халықаралық конференцияларға қатысып, митральды қақпақша пластикасы бойынша біліктілігін арттырудан  өтті (Швейцария).
    Еңбек өтілі: 5 жыл
  • Аширбаев Ерлан Дауренбекұлы – екінші санатты ангиохирург дәрігер, екінші санатты рентген-хирург. Республикалық және халықаралық конференцияларға қатысты. «Эндоваскулярлық онкология: қатерлі ісіктердің химиоэмболизациясы» циклі бойынша  «Рентгенохирургиясы» мамандығы бойынша біліктілігін  арттырудан өтті. Флебология бойынша біліктілігін  арттырудан өтті (Ресей).
    Еңбек өтілі: 8 жыл
  • Саргадаков Айдос Түймебекұлы –  бірінші санатты ангиохирург, перфузия маманы. Республикалық және халықаралық конференцияларға қатысты. «Перфузионды экстракорпоралды мембрананы оттектендіру» циклі бойынша «Перфузия» мамандығы бойынша біліктілігін арттырды.
    Еңбек өтілі: 4 жыл

Жүрек-қан тамыр хирургиясы бөлімшесі жүрек - қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған. Бөлімшеде жүректің ишемиялық аурулары бар науқастарға, жүрек ақауы бар, магистралдық және перифериялық тамыр ауруларын  хирургиялық емдейді, сондай-ақ операциядан кейінгі науқастарды оңалтуды қамтамасыз етеді.

Жүрек-қан тамыр хирургиясы бөлімшесі Қазақстанның ересек тұрғындарына жүрек-қан тамырлық көмектің барлық көлемін ұсынады және жылына орта есеппен 300-ге жуық жүрекке операциялар жасайды, 350 тамырға және 400 эндоваскулярлық операцияларды жасайды:

  1. Жасанды қанайналымындағы және «жұмыс істеп тұрған жүрекке» тамыр және артериалдық графты пайдалану арқылы аортокоронарлық  тұйықтау.
  2. Жүрек қақпақшаларын протездеу.
  3. Жүректің қақпақшаларына пластикалық операция.
  4. Аневризма кезінде аорта бөлігімен ұштасып жатқан аорта тамырын протездеу.
  5. Аралас операциялар (аорта коронарлық тұйықтау + протездеу/клапан пластикасы, аорта коронарлық тұйықтау + аорта мықынын тұйықтау, аорта коронарлық тұйықтау + каротидті эндтерэктомия, аорта коронарлық тұйықтау + мықымды – тізе астын тұйықтау).
  6. Гипертрофиялық кардиомиопатия кезіндегі операция.
  7. Cardioblate жүйесін қолдана отырып, жүрек аритмиялары үшін интраоперативті радиожиілікті абляция, электрокардиостимуляторларды орнату.
  8. Коронарлық және перифериялық артериялардың стенттеу және ангиопластикасы (бүйрек, экстракраниальдық, жоғарғы және төменгі артериялардың, мезентериалдық және негізгі тамырлардың).
  9. Аортаның кеуде қуысының немесе іш қуысының аневризмалары кезіндегі стент-графтарды орнату.
  10. Магистралдық және перифериялық  тамырлардың  операциялары.
  11. Ауыр жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде, сондай-ақ ауыр тыныс жетіспеушілігі кезінде қолдаудың қосалқы әдісі ретінде экстракорпоралды мембрананы оксигенациялау.
  12. Ашық және эндоваскулярлық әдісті бір мезгілде қолдану арқылы тамырдың гибридты операциялары. Жүрек-тамыр хирургтары гибридтік операцияларды емдеу процесіне енгізу арқылы дертке қатысты азап шегіп жүрген пациенттердің ауыр дертін емдеудің жаңа мүмкіндіктерін ашты.

 

Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Жүрек-қан тамыр хирургиясы бөлімшесі, 3-қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 51, 43 26 39

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"