УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесі

 

Андрология және ерлер денсаулығы бөлімшесі

 

 

БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

Касенова Марина Валерьевна

жоғары санатты кардиолог дәрігер, бірінші санатты УДЗ және Функционалдық диагностика дәрігері. Астана қаласының мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Астана қаласында Кардиология және функционалдық диагностика бойынша  алғашқы қайта даярлаудан өтті. Литвада Каунас қаласында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Еңбек өтілі: 12 жыл

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 15

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

Жазу
  • Құнанбаева Эльмира Болатбекқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
    Жұмыс өтілі: 28 жыл
  • Қожахметова Жанар Жанібекқызы –  жоғары санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 19 жыл
  • Жәнібекова Дариха Әбдірқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
    Жұмыс өтілі: 26 жыл
  • Губайдуллина Назгүл Есенгелдіқызы –  функционалдық диагностика дәрігері.
    Еңбек өтілі: 8 жыл
  • Төлегенов Жанболат Маралұлы – жоғары санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 25 жыл
  • Смаилов Ерік Дүйсенұлы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 16 жыл
  • Жұмаев Асхат Алпысбайұлы –  УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 3 жыл
  • Асқарова Нұргүл Мағауияқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 15 жыл
  • Утупова Зульфия Амирхановна –  УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Нұркенова Айнұр Нұрғалиқызы –  УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Бажбенова Гаухар Ерсайынқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 12 жыл
  • Мұқтарова Ғалия Баходировна –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 28 жыл
  • Аширматова Маржан Тохтамұратқызы –  бірінші санатты функционалдық диагностика дәрігері.
    Еңбек өтілі: 33 жыл
  • Тепешива Лаура Ахметқазықызы –  екінші санатты функционалдық диагностика дәрігері.
    Еңбек өтілі: 10 жыл
  • Боржанова Гүлмира Сгаденқызы –  функционалдық диагностика дәрігері.
    Еңбек өтілі: 10 жыл
  • Турғанова Мақпал Зейнелғабденқызы –  функционалдық диагностика дәрігері.
    Еңбек өтілі: 5 жыл
  • Алиева Гүлмира Алпысбекқызы –  жоғары санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 15 жыл
  • Жулкарова  Мәншүк Рахметуллақызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Бодыкова Гүлжан Жандиярқызы –  жоғары санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 20 жыл
  • Құтбаева Жанна Серікқызы –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 4 жыл
  • Жұмаділова Жұлдыз Адамбекқызы –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 7 жыл
  • Мұзар Маралхан Уалиханқызы –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 7 жыл
  • Папышева Гаухар Шалқарқызы –  УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 3 жыл
  • Альжанова Әсел Ғалымжанқызы –  УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 5 жыл
  • Жиенбаева Мейрамгүл Көкенайқызы –  УДЗ дәрігері.
    Еңбек өтілі: 2 жыл


УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесі ШЖҚ "№2 көпбейінді қалалық аурухана" МКК құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Ультрадыбыстық зерттеу, Функционалдық диагностика кабинеттері бар.   Бөлімше клиниканың акушерлік блогында және клиникалық блогында орналасқан.

Бөлімше "General Electric" ( "VOLUSION-730", "Vivid 7", "Logiq 7", "Voluson E10", "Ws80a Samsung" және т.б.) фирмасының жоғары және сараптамалық класты ультрадыбыстық жабдықтармен жабдықталған.

Бөлімше күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, қабылдау екі ауысымда сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Дәрігерлердің кәсібилігімен үйлескен заманауи диагностикалық жабдықтардың жоғары деңгейі қысқа мерзімде пациентті тексеруде максималды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ДҰРЫС ДИАГНОЗ ҚОЮ - ТИІМДІ ЕМДЕУ

Клиникалық блокта УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесі орналасқан.

УДЗ бөлімшесі

УДЗ-диагностиканың заманауи және жоғары ақпараттық әдісі, ол тіпті ең кішкентай өзгерістерді көруге мүмкіндік береді. Ол қабыну процестерін, ағзалардың пішіні мен өлшемінің өзгеруін, олардың жақын тіндер өсуінен ығысуын байқауға мүмкіндік береді.

Әдіс қауіпсіз, ол өте жоғары диагностикалық тиімділігімен (патологоанатомиялық деректермен салыстырғанда бірқатар аурулардың диагностикасының дәлдігі 80% - дан асады), қарапайымдылығымен, сәулелік жүктеменің жоқтығымен (жүкті әйелдер мен балаларды зерттеуге мүмкіндік береді), инвазив жасамауымен, көп мәрте зерттеу мүмкіндігімен, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Тағы бір артықшылығы-көптеген органдар мен жүйелерді бірмезгілдік зерттеу болып табылады, бұл әсіресе күрделі клиникалық көріністе маңызды. Сондықтан УДЗ көптеген органдар мен жүйелерді зерттеу үшін скриннингтік әдіс ретінде қолданылуы мүмкін.

УДЗ түрлі органдар мен жүйелердің ауруларын диагностикалау үшін қолданылады: жүрек-тамыр, асқорыту, несеп-жыныс, беттік орналасқан органдар мен тіндердің (сүт бездері, әртүрлі орналасқан лимфа түйіндері).

УДЗ Акушерлік және гинекологияда табысты қолданылып келеді.

Бұл бөлімшеде ультрадыбыстық зерттеулердің барлық түрі жасалады:

      • Іш перде ағзаларының УДЗ (бауыр, ұйқы безі, өт қабы, көкбауыр, бүйрек);
      • Ішіне кіретін датчикті пайдаланып кіші жамбас мүшелерін УДЗ;
      • Сүт бездерін УДЗ;
      • Қалқанша безінің УДЗ;
      • Перифериялық лимфа түйіндерінің, жұмсақ тіндердің УДЗ;
      • Допплерлік режимдерді қолдана отырып, орталық және перифериялық тамырлардың УДЗ (қолқаның және оның тамырларының іш бөлімі, бүйрек тамырлары және т. б.);
      • хирургия бөлімшелерімен бірге УД бақылауымен хирургиялық манипуляциялар (орталық көктамыр катетерлерін орнату, нефростомия, абсцесстерді дренаждау, гематом, бүйрек пен бауыр кистерін пункциялау және склероздау),
      • мойын мен мидың магистральды тамырларын дуплексті сканерлеу;
      • аяқ-қол тамырларын дуплексті сканерлеу
      • Жүректі ультрадыбыстық зерттеу (ЭхоКГ), оның ішінде өңеш ЭхоКГ

 

Акушерлік блокта жүкті әйелдердің барлық зерттеулер жүргізіледі:

      • Бөлімше дәрігерлері үш өлшемді сурет технологиясын пайдалана отырып,1,2,3, триместрдің  орталықтандырылған ультрадыбыстық скрининг, кеңейтілген эхокардиографияны қамтитын ұрықтың анатомиясын бағалаумен, хромосомдық аномалиялардың эхографиялық маркерлерін зерделеумен, даму кемістігі барын анықтау және ұрықтың туа біткен даму кемістігі бар жүкті әйелдерді консультативтік-комиссиондық тексерулермен айналысады.
      • Сондай-ақ, әйелдерде кіші жамбас ағзаларының УДЗ

 

Функционалдық диагностика бөлімшесі:

      • Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру (миокард инфарктілерін, ишемияны, ырғақтың бұзылуларын диагностикалау) -ЭКГ-ХМ-ЭКГ (ЭКГ тәуліктік мониторингі) жүктеме сынамалары (ВЭМ )
      • Тыныс алу жүйесінің қызметін зерттеу-спирография
      • Бас миын тексеру ЭЭГ. Транскраниальды джоплерография.
      • Қаңқа бұлшық еттері мен перифериялық нервтердің функционалдық жағдайын анықтау: Электронейромиография

Кез келген пациент қабылдауға келе алады. Тіркеу және мекенжайға тұрақты тіркелуі маңызды емес. Анонимдік пен құпиялыққа кепілдік беріледі. Егер сіздің қолыңызда медициналық карта және алдыңғы талдаулар мен тексерулердің нәтижелері бар болса, онда оларды өзіңізбен бірге алып жүрген дұрыс.

Біз алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейміз – бұл Сізге тексеру үшін ыңғайлы уақытты таңдауға, тәжірибелі дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жоғары білікті көмегін алуға және бөлімшенің барлық қызметкерлерімен қарым-қатынастан жағымды эмоциялар зарядын алуға көмектеседі.

 

Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

УДЗ және ФД бөлімшесі, 2 - қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 15

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"