Трансфузиология бөлімшесі

 

 

 

Трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі

Әбдікәрімова-Мұқашева Ақнұр Қарсыбайқызы

2005 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын бітіріп, сол жылы интернатураға терапия мамандығы бойынша оқуға түсті, оны 2006 жылы бітірді. 2009 жылы "Трансфузиология" циклы бойынша Алматы қаласындағы ДЖАМИ-де қайта даярлаудан өтті, жалпы жетілдіру бағдарламасы бойынша «Н.И. Пирогов атындағы ұлттық медициналық-хирургиялық орталық» ФМУ дәрігерлерді жетілдіру институтында  «Трансфузиология» мамандығы бойынша оқудан өтті.  2010 жылы Чех Республикасы  Прага қаласында "Клиникалық трансфузиология"мамандығы бойынша оқыды.

Еңбек өтілі: 12 жыл

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Кыдырбекова Мархабат Еркенқызы  –  «Нұр-Сұлтан қаласының  Медицина Университеті» АҚ 2010 жылғы түлегі.
    Еңбек өтілі: 8 жыл

Трансфузиология  -  қан және оның компоненттерін, плазма туындылары мен қан алмастырғыштарды құю мәселелерімен айналысатын клиникалық медицинаның бөлімі болып табылады.

Трансфузиология кабинеті Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 көпбейінді қалалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Трансфузиология бөлімшесінің негізгі міндеттері:


  • Жалпы аурухана бойынша және клиникалық бөлімшелерде қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды ұйымдастыру;
  • Қанды, оның компоненттері мен препараттарын жоспарлы және шұғыл тәртіппен жеткізу;
  • Қанның, оның компоненттері мен препараттарының қажетті қорын, оларды сақтау шарттарын және қан өнімдерін пайдалану кезінде суық тізбек қағидатын сақтау тәртібін қамтамасыз ету;
  • Иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу.

Трансфузиология бөлімшесі заманауи жабдықтармен жабдықталған:

1 C. A. T. S. Fresenius (Германия) үздіксіз  аутогемотрансфузия арналған жүйе;

Аутологиялық қанды пайдаланудың артықшылықтары:

  • Гемотрансмиссивті инфекциялар профилактикасы;
  • Аллоиммунизация және иммуносупрессия профилактикасы;
  • Трансфузияның басқа да жанама әсерлерін, бірінші кезекте аллергиялық және фебрильді реакцияларды, сондай-ақ " трансплантантың иесіне қарсы» ауруларын профилактикалау;
  • Донорлық қан шығыстарын азайту;
  • Көптеген аллоантителдері бар пациенттер үшін қанды (үйлесімді қанды керек ететін) жеке іріктеу қажеттілігінің болмауы;
  • Аутодонор-пациенттердің гемопоэзін ынталандыру.

2 Haemonetics емдік плазмаферезін өткізуге арналған аппарат (АҚШ)


Трансфузиология бөлімшесі келесі ақылы қызметтерді көрсетеді:

  • Қан тобын және резус-факторды анықтау
  • Емдік плазмаферез (бір процедураның құны 28000 теңге)

Плазмаферез( ПА) - компоненттер ағзаның патологиялық өнімдерінің негізгі тасымалдаушылары болып табылатын, қан плазмасын іріктеп алуға негізделген экстракорпоралдық гемокоррекция әдісі деп аталады.

ПЛАЗМАФЕРЕЗ РӘСІМІН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ:


Құрамын жою немесе азайту:

  • гипервязкияға әкелетін моноклоналды иммуноглобулиндердің артық болуы
  • антиденелер (аллоантител, аутоантител)
  • липопротеиндер

Құрамын жою немесе азайту:

  • айналмалы иммунокомплекстер
  • тіндік зақымдануды күшейтетін плазмалық факторлар (қабыну медиаторлары, комплементарлық факторлар, фибриноген, «жіті фазадағы» ақуыздар)
  • иммундық жасушалармен өзара әрекеттесудің факторлары
  • ақуыз байланысқан эндогенді уытты субстанциялардың плазмасындағы

Емдік плазмаферез жасау үшін көрсеткіштер:

  1. Ревматоидты артрит;
  2. Жүйе қызыл жегі;
  3. Жүйе  васкулиттер;
  4. Көпіршікті дерматоздар;
  5. Аллергиялық реакциялар;
  6. Шашыраңқы склероз;
  7. Миастенит
  8. жіті перитонит, жіті панкреатит
  9. сепсис (септицемия, септикопиемия)
  10. бактериялық инфекциялар
  11. теміреткі
  12. герпес
  13. есекжем, Квинке ісінуі
  14. теміреткілі  атропатия
  15. токсикодермия
  16. Крон ауруы
  17. спецификалық емес ойық жара

 

Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Трансфузиология бөлімшесі, 3 - қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 432 638.

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"