Шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығы

 

 

 

Орталық басшысы

Мухаметқалиев Сейіл Сейтқожаұлы

жоғары санатты кардиохирург, жоғары санатты ангиохирург, санатсыз рентгенхирург, экономика және бизнес магистрі (денсаулық сақтаудағы менеджмент).

Еңбек өтілі - 25 жыл

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 51

 

Орталықта келесі патологиялар бойынша емдеу жүргізіледі:


  • Тамырлардың диагностикалық және емдік рентген-контрасты зерттеулері
  • Магистральды тамырларға және қолқаға реконструктивтік операциялар
  • Жүрекке операция жасау (АКШ, жүрек қақпақшаларын протездеу)

Жүрек пен қан тамырларының жағдайы бүкіл ағзаға және сіздің өміріңіздің сапасына әсер етеді. Көптеген жүрек-тамыр аурулары бар, олар көп жағдайда  білінбей ақырын ауырып жүредіде асқынғанда біліне бастайды. Әртүрлі аурулар болсада бір ғана симптом түр пайда болуы мүмкін, және тек дәрігер-кардиологтың тәжірибесі және заманауи диагностикалық әдістемелер аурудың өзі мен оның себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Жедел Кардиология және кардиохирургия орталығында жүректің ишемиялық ауруымен, жүре пайда болған және туа біткен жүрек ақауымен миокард инфарктімен ауыратын, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, дәрі-дәрмекпен емдеуге резистентті артериялық гипертензиямен және қан айналымы бұзылуының әртүрлі патологияларымен ауыратын пациенттер ем алады.

Орталықтың мамандары-медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторлары. Олар жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде бірегей тәжірибеге ие, сонымен қатар жақын және алыс шетелдердегі мамандандырылған клиникаларда үнемі біліктілігін арттырады.

ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ -
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН ҮЗДІКСІЗ ЖАҚСАРТУ АРҚЫЛЫ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНАН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ӨЛІМ-ЖІТІМІН ТӨМЕНДЕТУ 


НАҚТЫ ДИАГНОЗ ҚОЮ - СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ  ҚАДАМЫ!

 

Біздің мекенжайымыз: Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Жедел Кардиология және кардиохирургия орталығы, 3- қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 57 72 37, 43 26 61, 43 26 19

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"