Оториноларингология бөлімшесі

 

 

 

Бөлімше меңгерушісі

Иманғалиев Ермек Елемесұлы

жоғары санатты оториноларинголог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Семей мемлекеттік медицина Академиясының түлегі. Тель-Авив қаласы (Израиль) Сураски университеттік клиникасында құлақ хирургиясы бойынша; Зальцбург қаласы (Австрия) Оториноларингология университеттік клиникасында эндоскопиялық риносинусохирургия бойынша; Загреб қаласы (Хорватия) университеттік клиникасында эндоларингеалдық хирургия бойынша; Дүниежүзілік есту және сөйлеу институтында құлақ хирургиясы бойынша Варшава қаласы (Польша) және ФМБА Оториноларингология ғылыми-клиникалық орталықтарында Мәскеу қаласы (Ресей) тағылымдамадан өтті. Қала әкімінің және Министрлік басшылығының грамоталарымен марапатталған, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.

Еңбек өтілі: 25 жыл

Эл. пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 57 35 14

 

 

БӨЛІМШЕНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫ

  • ААсхар Тілек Асқарұлы  –  бөлімшенің аға ординаторы, жоғары санатты оториноларинголог  дәрігер. Нұр-Сұлтан медициналық университетінің түлегі. Қазақстан, Ресейдің жетекші клиникаларында эндоскопиялық риносинусохирургия бойынша сынақтан өтті. Аурухана және қала басшылығынан құрмет грамоталары бар.
    Еңбек өтілі: 12 жыл
  • Ерубай Мақсат Есенұлы  –  бөлімшенің оториноларинголог дәрігері, екінші санатты оториноларинголог дәрігер. Санкт-Петербуг қаласы Әскери-медициналық Академиясының түлегі. Анкара қаласы (Түркия), Мәскеу қаласы (Ресей) клиникаларында және Қазақстан мен Ресейдің жетекші клиникаларында эндоскопиялық риносинусохирургия, отохирургия, гортани хиругиясы бойынша сынақтан өтті. Аурухана басшылығының грамоталары бар.
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Шырдаев Азамат Жалбырұлы  –  екінші санатты оториноларинголог дәрігер, Нұр-Сұлтан медициналық университетінің түлегі. Қазақстан, Ресей жетекші клиникаларында эндоскопиялық риносинусохирургия бойынша сынақтан өтті. Аурухана және қала басшылығынан құрмет грамоталары бар.
    Еңбек өтілі: 5 жыл

Оториноларингология бөлімшесі 25 төсек орынға арналған, құлақ, тамақ және мұрын ауруларымен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, шұғыл және жоспарлы тәртіпте жұмыс істейді.  Бөлімшеде пациенттерге арналған функционалды төсектері, медперсоналды шақырудың пульттік жүйелері, душ кабиналарымен жабдықталған жеке санитарлық тораптары бар жайлы бір және екі орындық палаталар ұсынылған.

Оториноларингология бөлімшесі шұғыл және жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін "Karl Storz" және "Aeskulap" "Medtronic" фирмасының заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Штатында жоғары және бірінші санатты хирургтар бар, бөлімше қызметкерлері жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқудан өткен. Олардың жоғары біліктілігі және клиниканың жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталуы заманауи талаптарға сәйкес операциялық араласулардың кең спектрін жасауға мүмкіндік береді.

  • Эндоскопиялық гайморотомия, этмоидотомия, фронтотомия, сфеноидотомия
  • Полип, аденоидтарды, мұрынның бөгде денелерін және мұрынның қосалқы қуыстарын эндоскопиялық алып тастау
  • Мұрын қалқанының деформациясы мен қисаюы кезіндегі эндоскопиялық операциялар
  • Жас жолдарының созылмалы аурулары кезінде (дакриоцистит) бөлімшеде эндоскопиялық эндоназальды дакриоцисториностомия жүргізіледі

Сондай-ақ клиникада құлақ аурулары кезінде микрохирургиялық есту қабілетін жақсарту операциялары жүргізіледі:

  • i-V типті тимпанопластика
  • Стапедопластика
  • Оссикулопластика

Көмей аурулары кезінде эндоларингеалдық операциялар енгізіліп, сәтті жүргізілуде

Соңғы уақытта бөлімшеде есту жолының атрезиясы мен құлақтың микротиясының операциялық емдеу бойынша бағыт әзірленуде.

 

Біздің мекенжайымыз: Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Оториноларингология бөлімшесі, 1-қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 78

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"