Инсульт орталығы

 

Андрология және ерлер денсаулығы бөлімшесі

 

 

№2 көпбейінді қалалық аурухананың инсульт орталығы 2018 жылы неврология бөлімшесіннің қайта құрылуынан кейін пайда болды және қазіргі уақытқа дейін жүйке жүйесінің әртүрлі патологиясы бар науқастарға жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Қазақстандағы жетекші бөлімше болып табылады

Инсульт орталығының басшысы

Джумахаева Алия Серікқызы

медицина ғылымдарының кандидаты

жоғары санатты невролог

Еңбек өтілі: 17 жыл

 

 

Орталық дәрігерлері

  • Аширбекова Гүлнұр Мейманбекқызы  –  аға ординатор, жоғары санатты невролог.
    Еңбек өтілі: 32 жыл
  • Шынар Гылымбекқызы Айтжанова  –  жоғары санатты невролог дәрігері.
    Еңбек өтілі: 19 жыл
  • Ахмет Назым Бектасқызы –  дәрігер невролог.
    Еңбек өтілі: 2 жыл
  • Балтаева Жеміс Шолтырқызы –  жоғары санатты невролог дәрігер, "ҚР Денсаулық сақтау үздігі»
    Еңбек өтілі: 40 жыл
  • Бекбалтаева Жұлдыз Полатовна –  невролог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 2 жыл
  • Камалова Юлдуз Хусановна  –  екінші санатты невролог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 4 жыл
  • Мауей Айнагүл Мауеевна  –  бірінші санатты невролог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 11 жыл
  • Нұрекенов Аслан Мақсатұлы –  екінші санатты нейрохирург дәрігері.
    Еңбек өтілі: 8 жыл
  • Садықова Фариза Манарбекқызы –  екінші санатты невролог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 3 жыл
  • Шуман Ақтөре Маратұлы –  невролог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 3 жыл

 


Емдеу жұмыстары науқастарға көмек көрсетудің республикалық және халықаралық стандарттары негізінде жүргізіледі. Ми қан айналымының бұзылуларын диагностикалау және қарқынды терапия бойынша жаңа жоғары технологиялық медициналық қызметтер, церебральды инсульттің хирургиялық емдеу және алдын алу әдістері тәжірибеге енгізілуде. Аутоиммунды ауруларды емдеуде имуносупрессивті дәрі-дәрмектік және эфференттік терапия әдістері қолданылады. Заманауи физиотерапевтік емдеу процедураларын қолдана отырып, нейрореабилитация қызметтері құрылды.

Диагностикада электрофизиологиялық және нейровизуализациялық зерттеулердің заманауи әдістері кеңінен қолданылады. "Қиын" диагноздарды дұрыс қою жүргізілуде. Науқастарды егжей-тегжейлі клиникалық және аспаптық тексеру дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы: ангионеврология және емдеудің интервенциялық әдістері, сирек кездесетін "орфандық" аурулар, шашыраңқы склероз және полиневропатиялар кезінде терапиялық тәсілдерді жетілдіру; пароксизмальды мидың және жүйке жүйесінің дегенеративті патологиясы мәселелері.

№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың инсульт орталығы Назарбаев Университеті Медициналық мектебінің клиникалық базасы болып табылады.

Инсульт орталығында "Инсульт мектебі" жұмыс істейді: ҚР-да танымал және тәжірибелі невролог, ҚР Денсаулық сақтау үздігі Балтаева Жеміс Шолтырқызы күтім ережелері, инсульттан кейінгі тиімді оңалту негіздері және инсульттің алдын алу және қауіп факторларының маңызды мәселелері бойынша емделушілер мен олардың туыстары үшін сабақтар өткізеді.
Есіңізде болсын, оңалтудың жаңа тәсілдерін уақтылы қолдану пациентті инсульттан кейін әлеуметтік белсенділік пен еңбекке қайтаруға мүмкіндік береді!
Құрметті тұрғындар, сіздің қолыңызда инсульт қаупін төмендету, және демек, белсенді өмір сүруді ұзарту үшін өзіне және өз жақындарына пайдалы дене қимылын көп жасауға және жасатуға талпын!

Инсульт орталығы жедел тәртіппен және МӘМС жоспарлы емдеуге жатқызу бюросының порталына мамандандырылған медициналық көмек бойынша ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді, сондай-ақ коммерциялық негізде (қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін) және ересек тұрғындарға амбулаториялық-консультациялық көмек көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласының № 2 көпбейінді қалалық ауруханасының инсульт орталығының ұжымы өз тәжірибесімен бөлісіп, жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге көмектесуге дайын.

 

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Инсульт орталығы, 4 - қабат.

Байланыс және анықтамалық ақпарат: 8 (7172) 57 72 45; 43 26 50.

Неврологтың қабылдауына жазылу: 57 34 25

 

Дене үшін ең жақсы ем - жүйке тыныштығы
Наполеон I Бонапарт

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"