Эндоскопия бөлімшесі

 

 

 

Бөлімше меңгерушісі

Исмайлов Алмас Жантасұлы

Бірінші санатты эндоскопист дәрігер, Алматы қаласындағы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. "Хирургия" мамандығы бойынша интернатурада оқыды. Эндоскопия бойынша "Диагностикалық және жедел эндоскопия", онкология,  қоғамдық денсаулық сақтау, гастроэнтерология бойынша алғашқы мамандандырудан өтті. 

 Алматы қаласында ҚазОРҒЗИ-да, "Онкологиялық ауруларды диагностикалаудағы эндоскопиялық әдістер", Мәскеу қаласында Н. Н. Блохина атындағы АТОО-да "Диагностика мен емдеудің заманауи эндоскопиялық әдістері" тақырыбында, SNUH (Оңтүстік Корея Сеул қаласы) "Билиарлы және панкреатикалық эндопротездеу", SNUH (Оңтүстік Корея Сеул қаласы) "Бауырдың туыстық трансплантациясынан кейін билиарлы асқынуларды алдын алу, диагностикалау және емдеудегі инновациялық технологиялар»  тақырыптарында  біліктілігін арттырудан өтті.

Еңбек өтілі: 10 жыл

Эл. мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 57 35 21, 43 26 13

 

 

Бөлімше дәрігерлері

  • Мұсабеков Досжан Канадилұлы   –  жоғары санатты эндоскопист дәрігер.  Қазақ мемлекеттік медицина академиясының түлегі. "Шұғыл эндоскопия" тақырыбына мамандандырудан өткен.
    Еңбек өтілі: 14 жыл
  • Галиакбарова Айнұр Асылбекқызы  –  бірінші санатты эндоскопист дәрігер,  Қазақ мемлекеттік медицина академиясының түлегі.   "Шұғыл эндоскопия", "Видеокапсульді эндоскопия" тақырыптары бойынша мамандандырудан өткен.
    Еңбек өтілі: 14 жыл

Эндоскопия бөлімшесі "Olimpus", "KarlStorz", "Soring" фирмаларының заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтарымен жабдықталған.

Бөлімшеде барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, пациенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Бөлімшенің эндоскопист дәрігерлері жоспарлы және шұғыл эндоскопияда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Тыныш жағдай, сыпайы персонал, бөлімше дәрігерлері мен мейіргерлердің өз ісіне деген кәсіпқойлығы эндоскопиялық манипуляция жасаумен байланысты ыңғайсыздық пен қолайсыздықты барынша азайтады. Біз эндоскопиялық зерттеуді жоғары сапалы, ауыртпалықсыз және барынша жайлы етуге тырысамыз.

Бөлімшенің практикалық жұмысында диагностикалық, емдік эндоскопиялық хирургиялық процедуралар мен манипуляциялар жасалады.

Диагностикалық эндоскопиялық зерттеулер


Жоспарлы және шұғыл түрде келесі зерттеулер орындалады, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектік ұйқы кезінде жасауға болады (көктамырішілік және эндотрахеалдық анестезия арқылы):

  • Эзофагогастродуоденоскопия (ЭФГДС)
  • бронхоскопия
  • ларингоскопия
  • колоноскопия
  • ректороманоскопия (RRS)
  • эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
  • видеокапсульді эндоскопия (аш ішектің диагностикасы)

Зерттеулер кезінде қосымша орындалуы мүмкін:

  • Биопсия (гистологиялық зерттеу үшін) мақсатты, сатылы және трансбронхиальды
  • Асқазанның шырышты қабығының биоптатында Нр анықтау

Емдік эндоскопиялық хирургиялық емшаралар және манипуляциялар:

  • Асқазан-ішек жолынан және трахеобронхиалды жерден бөтен денелерді алу
  • Эндоскопиялық гемостаз (қан кетуді тоқтату: инъекция, клипирлеу, диатермокоагуляция, аргон плазмалық коагуляция)
  • Асқазан-ішек жолының полипэктомиясы және трахеобронхиалды жері
  • Баллонды пневмо және гидродилатация (ожегалық стриктур, анастомоздар, кардиялар, қақпашы)
  • Өңешті стенттеу,өңеш-асқазан өткелі және пилородуоденальды аймақ.
  • Тоқ ішектің стенттелуі (ісік және ісік емес генезі)
  • Асқазан-ішек жолдарының шырышты диссекциясымен эндоскопиялық резекциясы (метаплазия және ерте обыр кезінде)
  • Өңештің варикозды кеңейтілген көктамырларын эндоскопиялық лигирлеу
  • Өңештің варикозды кеңейтілген көктамырларын эндоскопиялық склероздау (паравазалды және инравазалды)
  • Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ), папиллосфинктеротомия (ЭПСТ), вирсунготомия
  • Холедохолитиаз кезіндегі литоэкстракция және литотрипсия
  • Стриктураларды бужирлеу, баллонды дилатация, дренирлеу, уақытша (пластикалық) және тұрақты (өзі кеңейетін нитинолды) өт жолдарын стенттеу
  • Стриктураларды бужирлеу және панкреатикалық ағынды стенттеу
  • Гепатикохоледохты назобилиарлық дренаждау
  • Асқазан ішілік баллонды эндоскопиялық орнату (салмақты төмендету үшін)
  • Энтеральды тамақтану үшін перкутанды эндоскопиялық гастростоманы (ПЭГ және төмен бейінді гастростома) орнату
  • Трахеобронхиалды жерге клапанды бронхообтураторды эндоскопиялық орнату

 

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"