Емдеу-диагностикалық орталығы

 

Лечебно-диагностический центр

 

Емдеу-диагностикалық орталықтың меңгерушісі

Нуралина Эльмира Ануарбекқызы

МВА МЕНЕДЖЕРІ, бірінші санатты реабилитолог

Жұмыс өтілі: 27 жыл

Электрондық пошта мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 57 34 25

 

 

Бөлімше дәрігерлері

Жазу
  • Аубакирова Бақыт Амантайқызы –  жоғары санатты ревматолог, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Қазақстан Республикасының үздік ревматологы» сертификаты бар, Целиноград мемлекеттік медицина институтының түлегі. «Медицина» халықаралық кәсіби журналында мақалалары жарық көрген.
  • Токенов Бауржан Кадырович  –  уроандролог, жоғары біліктілік санатты дәрігер, Семей мемлекеттік медицина институтының түлегі.
    Жұмыс өтілі: 32 жыл
  • Касенова Дана Амантайқызы  –  жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, Ақмола мемлекеттік медицина институтының түлегі. Ресей Федерациясының медицина ғылымдарының кандидаты. Мамандық бойынша біліктілігін арттыруы: «Акушерия және гинекологияның негізгі мәселелері» Израиль  2005 жыл, «Операциялық гинекология» Анкара. Түркия 2006 жыл, «Урогинекология» Австрия 2007 жыл, «Гинекологиядағы ең аз инвазивті хирургиялық араласу» Сеул, Кореяда  2011 жыл.
    Жұмыс өтілі: 25 жыл
  • Мусабаева Айгуль Мурсилямовна –  жоғары білікті санатты гинеколог-эндокринолог, Семей мемлекеттік медицина институтының түлегі, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын қорғаудағы ерекше қызметі үшін «Алтын Дәрігер» Ұлттық медициналық қауымдастығының наградасының  иегері. Жақын және алыс шетелдерде гинекогиялық эндокринология, репродуктология мамандығы бойынша біліктілік деңгейін жүйелі түрде арттырып отырады.
    Жұмыс өтілі: 23 жыл
  • Белогривцева Елена Владимировна  –  ультрадыбыстық диагностика дәрігері, пренаталдық сәулелі диагностика сарапшысы, жоғары санатты дәрігер, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтының түлегі. 2008 жылы акушерия және гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностика бойынша  - Израильде, 2015 жылы - Дюссельдорф, Германияда білім алды.
    Жұмыс өтілі: 23 жыл
  • Тургумбаева Жанатгуль Кабидуллиновна  –  кардиолог дәрігер, 5 жылдан астам еңбек өтілі бар функционалды диагностика дәрігері, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтының түлегі. Функционалды диагностика мамандығы бойынша жақын және алыс шетелдерде оқыды: «Кардиологиядағы функционалды диагностика», Екатеринбург қаласы Ресей. «Жүрек-тамыр хирургиясында ЭХОКГ әдісін қолдану», Астана қаласы. «Холтер мониторингі, ЭКГ, электрокардиостимуляторлар», Каунас қаласы, Литва. Санкт-Петербург қаласындағы ЭХОК бойынша  халықаралық конгресі. Ресей.
    Жұмыс өтілі: 24 жыл
  • Садыкова Динара Зейнуловна  –  кардиолог дәрігер, функционалды диагностика дәрігері, «Ересек кардиология» мамандығы бойынша жоғары санатты, медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» ҰАҚ ішкі аурулар интернатурасы кафедрасының ассистенті. Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. 2015 жылы «Кардиология» мамандығы бойынша Фрайбург клиникасында, Германияда оқыды. Сонымен қатар мына әдістерді меңгерген: ЭКГ, СМАД, ЭКГ  холтерлік  мониторингілеу.
    Жұмыс өтілі: 20 жыл
    Кардиолог ретінде жұмыс өтілі: 15 жыл
  • Аяғанов Сабыржан Мұратұлы   –  жоғары санатты травматолог дәрігер, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясының түлегі. «Травматологиядағы операциялық емдеу» тақырыбы бойынша Мәскеуде біліктілігін арттырудан өтті. «Апаттардан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету» тақырыбындағы «Қызыл крест пен жарты  ай» сертификаты бар. Ол қаңқа сүйектерінің сынуы кезіндегі заманауи остеосинтездің барлық түрін меңгерген.
    Еңбек өтілі: 16 жыл
  • Оспанова Сымбат Серікқанқызы –  офтальмолог дәрігер, екінші біліктілік санаты, Семей мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Павлодардағы «Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар» тақырыбында біліктілігін арттырудан өткен.
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Кусанова Сауле Амангельдыевна –  оториноларинголог маманы, екінші біліктілік санаты. «Астана медициналық университеті» ҰАҚ түлегі. ЛОР аурулары кафедрасының ассистенті.
    Еңбек өтілі: 3 жыл
  • Калкина Асель Кусановна –  акушер-гинеколог дәрігер, бірінші біліктілік санаты. Астанадағы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының түлегі
    Жұмыс өтілі: 10 лет
  • Тулеева Асем Икрамовна  –  невропатолог дәрігер, жоғары біліктілік санатты дәрігер, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының түлегі. «Невропатологиядағы, оның ішінде балалық шақтағы өзекті мәселелер», Астана қаласында біліктілігін арттырған. Күндізгі стационардың аға дәрігері.
    Жұмыс өтілі: 12 лет
  • Қарабеков Азат Бағланұлы  – гематолог дәрігер . Астана медициналық университетінде интернатураны бітірген. «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ резидентураны бітірген.
    Еңбек өтілі: 2 жыл
  • Елеубай Абай Дәуренұлы  – стоматолог дәрігер, «Астана медицина университеті» АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 1 жыл
  • Дүйсенбаева Гүлжан Зубиновна  – ультрадыбыстық диагностика дәрігері, екінші біліктілік санаты бар, Х. А. Ясави атындағы МТТУ түлегі. Ол 2016 жылдан 2018 жылға дейін АМУ базасында сәулелі  диагностика мамандығы бойынша (КТ, МРТ, УДЗ, УДДГ) резидентурадан өтті.
    Еңбек өтілі: 2 жыл
  • Сейіл Құралай Сейілқызы –  терапевт дәрігер, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі, Алматы қаласы.
    Еңбек өтілі: 4 жыл


№2 көпбейінді қалалық ауруханада Сіздер үшін емдеу-диагностикалық орталығы жұмыс істейді.

Емдеу-диагностикалық орталығы зерттеп-қараудың  барлық түрлерін  жүргізеді:  зертханалық диагностикалық, барлық дене мүшесі мен жүйелердің ультрадыбыстық диагностикасы, сәулелік диагностика (МРТ, КТ, рентген), эндоскопиялық тексерулер, физио емдеу, күндізгі стационар.

Check-up, сондай-ақ  mini check-up – өте қажетті - мамандардың диагностикалық тексеріп-қарауы (жүрек, асқазан-ішек жолдарын зерттеп-қарау, өкпе, бүйрек, көз, ревматологиялық зерттеп-қарау , ер адамдар мен әйелдерге арналған тексеріп-қараулар).

  • әр пациентке жеке қызмет көрсету
  • жоғары білікті мамандар
  • жоғары қызмет көрсету
  • анализдер нәтижелерінің - 2 сағаттан кейін дайын болуы
  • алдын ала жазылылулар бойынша қабылдау (кезектен тыс)
  • қол жетімді бағалар

 

Сіз үшін ең үздік дәрігерлер қызмет көрсетеді: профессорлар, медицина ғылымдарының кандидаттары, әлемнің жетекші шетелдік клиникаларында білім алған жоғары және бірінші санатты дәрігерлер. Клиника жетекші өндірушілердің (Германия, АҚШ, Жапония) заманауи озық жабдықтарымен жабдықталған.

Күн сайын Сіздерді келесі дәрігерлер қабылдайды:


  • Терапевт
  • Оториноларинголог
  • Офтальмолог
  • Невролог
  • Ревматолог
  • Кардиолог
  • Травматолог
  • Уролог
  • Гинеколог
  • Гинеколог-эндокринолог
  • Акушер-гинеколог
  • Гематолог
  • Тіс дәрігері
  • Реабилитолог
  • Эндокринолог
  • Хирург
  • Физиотерапевт

«Check-up» бөлімі


CHECK-UP – бұл жұмыстарынан көп уақытқа қол үзе алмайтын, бірақ дені сау болуды қалайтын заманауи іскер адамдар үшін арнайы құрылған ағзаның жай-күйі туралы егжей-тегжейлі медициналық анықтаманы алу арқылы ағзаны дәл және жылдам зерттеп-қарау.

Check-up бағдарламасының принципі қарапайым, ол ауруларды ерте диагностикалайды және  олардың сатыларын ерте алдын-алу және уақтылы емдеуден тұрады. Заманауи жабдықтармен жабдықталған, жоғары білікті тәжірибелі дәрігерлер, зерттеп-қарауға аз уақыт жұмсап, кешенді тәсіл арқылы жоғары сервистік қызмет көрсетіп, құпия қызмет көрсетуі – «Check-up»  процедурасын өз түрлерінің ішінде көшбасшы етеді.

Үнемді, зерттеп-қарауға аз уақыт  кетеді.

  • Өте сирек кездесетін мамандар кабинеті
  • Тіс дәрігері кабинеті
  • Лор кабинеті

Оңалту күндізгі стационары


Емдеу-диагностикалық орталықтың күндізгі стационары келесідей мүмкіндіктерге ие: пациенттің ауруы  немесе зақымдануын  дәл және мүмкіндігінше тез анықтайды. Біздің мамандарымыздың  ультрадыбыстық зерттеуге арналған жабдықтары, рентген аппараттары, магниттік-резонанстық томография және аурудың себебін анықтауға арналған  және қысқа мерзімде дәрігер тағайындаған барлық сынақтарды жылдам жүргізетін эндоскопиялық құрылғылары бар.

Әсіресе гинекологтарды алаңдататын жүкті әйелдер үшін күндізгі стационар тиімді болып саналады.  Күндізгі стационар жағдайында болашақ аналар барлық қолдау және диагностикалық процедураларды алады, бірақ сонымен бірге емдеу отбасынан бөліну қажеттілігіне байланысты стресстен арылтады.  Күндізгі стационарда емдеу немесе бақылау бірнеше күнге созылады. Зерттеулер мен процедуралар таңертең басталып, кешке аяқталады. Сонымен қатар, пациент өзін жайлы сезінеді, ол біздің қызметкерлеріміздің назарында және қамқорлығында болады.

Егер бізде  «бір күндік стационарда» болса,  онда сіздің ағзаңыз бойынша  тез және толық диагностика жасауға, жағдайын жедел жақсартуға,кіші инвазивті қызметтер мен манипуляциялар жасауға (гинекология, травматология және т.б.) жедел шаралар қабылдауға болады.

Сонымен қатар дәрігерлердің және тәжірибелі дәрігерлердің және мейіргерлердің тұрақты бақылауымен терапевтік және хирургиялық профилдердің патологиясы бойынша ем (тамыр ішілік инфузиялар, бұлшықет ішілік инъекциялар, қосымша сауықтыру қызметтерін алуға толық мүмкіндік бар  физиотерапия, емдік гимнастика, массаж, ине терапиясы және т.б.) қабылдауға болады. Күндізгі стационардағы пациенттерге клиника ыңғайлы бір және екі орынды нөмірлер ұсынады.

  • Физиотерапия кабинеті
  • ЛФК кабинеті
  • Массаж кабинеті
  • Ине лорефлексотерапия кабинеті
  • Емшара кабинеті
  • Ауырсыну кабинеті
  • Манипуляциялық кабинеті

Қабылдауға мына  телефонға  8 (7172) 57-34-25 қоңырау шалып, +7 778 853 5170 (WhatsApp арқылы хабарлама жіберу арқылы)  жұмыс күндері таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 18-ге дейін жазыла аласыздар.

Сіздің денсаулығыңызды сақтап және қалпына келтіруге көмектесеміз!

Ардагерлерге және оларға теңестірілген адамдарға, мүгедектерге, батыр ана мен зейнеткерлерге 10% жеңілдік қарастырылған.

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"